Геометриялық пішіндерден өрнектер жапсыруды үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Ұйымдастырылған оқу қызметі
- Аппликация
- Тақырыбы
- Құрақ көрпе
- Мақсаты
- Геометриялық пішіндерден өрнек құрастырып, құрақ көрпеге жапсыруды үйрету; ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
- Көрнекі құралдар
- Үлгі сурет, құрақтардың суреттері, желім, қайшы, алдын ала сызылған геометриялық пішіндер.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру: «Жылулық шеңбері»
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды:
Біз тату баламыз, Өсіп, алға барамыз. Үшбұрышпен танысып, Білімді боламыз.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе: жұмбақ
Балаларға жұмбақ жасырылады:
Үш нүкте, үш сызықтан тұрады, Одан бәрі үй шатырын құрады.
Жауабы: Үшбұрыш.
3) Мотивация: қонаққа келген қуыршақ
Балаларға Арайлым атты қуыршақ қонаққа келгені айтылады. Әжесі Арайлымға құрақ көрпе тігіп берген, бірақ көрпенің бетіндегі кейбір пішіндер түсіп қалыпты.
Балалардан көмек сұралады: «Сендер көмектесесіңдер ме?» Балалар көмектесуге келіседі.
4) Негізгі бөлім: үлгімен жұмыс және жапсыру
Тәрбиеші жапсыру әдісімен жасалған құрақ көрпенің үлгі суретін көрсетіп, оның өрнегін сипаттайды. Балалар үлгіні мұқият қарап шығады.
Балалар алдын ала қағазға сызылған геометриялық пішіндерді қиып алып, құрақ көрпеге әдемілеп орналастырып, жапсырады.
Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
- Қайшыны жүгіріп жүріп қолданбау.
- Қайшыны жүзін жоғары қаратып ұстамау.
- Біреуге бергенде сабын ұсыну.
- Жұмыс аяқталған соң қайшыны жабық күйде орнына қою.
5) Сергіту сәті
Балалар қимыл-қозғалысты өлең мазмұнына сай орындайды:
Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға! Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада.
Өлең жолдарына сәйкес балалар ауада үшбұрыш сызады.
6) Ойын: «Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?»
Тәрбиеші суреттегі заттарды көрсетіп, олардың атауын айтуды және қандай пішінге ұқсайтынын сұрайды.
-
Зат
Үй
-
Зат
Қайық
-
Зат
Шырша
7) Қорытынды
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды:
- Балалар, бүгін нені жапсырдық?
- Кімге көмектестік?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз жұмыстарын көрсетеді.