Туған ел көркем сөз сайысыЖүргізуші
Көркемсөз сайысының сценарийі
Қонақтарды қарсы алу және кіріспе сөз
Армысыздар, қадірлі қонақтар! Бала тәрбиесінің ең алғашқы бастамасы отбасында қалыптасса, оның жалғасы балабақшамен сабақтасады. Яғни, бала тәрбиелене отырып, білім алады. Қазақ халқында «Отан — отбасынан басталады» деген тағылымды сөз бар. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс.
Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған еліне, жеріне деген сезімін өлең-жырмен жеткізген. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, бүгінгі бүлдіршіндеріміз де өз Отанына деген сүйіспеншілігін ағалары мен апаларының жырларын жатқа айту арқылы танытпақ.
Жүргізушінің өлең жолдары
Айдын шалқар көлім бар,
Нұр орманды жерім бар.
Күннен күнге көркейген,
Менің байтақ елім бар.
Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұл-қыздарымыз «Туған ел» атты көркемсөз байқауына қатысып, өз бақтарын сынамақ.
Қатысушыларды шақыру
Ал, келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Көркем сөзбен көмкеріп,
Сайысқа қатысып көріңдер!
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Бағалау және сахналық бағдарлама
Әділқазыларға арнау
Әділқазы береді
Өздеріңе билікті.
Өнерден кім жеңеді —
Алады сол сыйлықты.
Ән орындау
«Жас ұланмын елімнің, болам ұл-қыз зор әлі. Қазақстан жалауын көтеремін жоғары!»
Нөмір
«Қарлығаш» тобы — «Сағат» биі
Көркемсөз кезеңі
Кезекті «Қарлығаш» және «Көгершін» тобының сайыскерлерін ортаға шақырамыз. (Балалар тақпақтарын айтады.)
Келесі нөмір
«Көгершін» тобы — «Қуыршақ» биі
Би нөмірлері және топтардың кезектесуі
Сайыскерлер
«Тұлпар» және «Балдырған» тобы
Шақыру мәтіні
Теңіздей тербетіліп көл бетінде, бишілер билеп кетті тербетіле. Аққулар қалықтаған теңіздегі — бишілер өнерлерін көрсетуде!
Балабақшамыздың бишілерін үнді биімен ортаға шақырамыз.
Отан туралы жыр
Көкке қолын созады,
Көк байрағым желбіреп.
Бәрінен де озады,
Менің елім — кең жүрек.
Еркелеткен төрінде —
Елімізді сүйеміз.
Ата-баба қалдырған
Байлығына иеміз.
Музыкалық үзінді
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Нөмір
«Көгершін» тобы — «Кокожамбо» биі
Қазылар бағалағанша
«Қарлығаш» тобының «Кәмпит» биін тамашалайық.
Мәнерлеп оқу сайысы және қорытынды
Сайысқа үндеу
Қандырар көрермен айызын,
Топты қорғап ішінен,
Шығасың жарып — қайсысың?
Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Марапаттау рәсімі өтеді.
Жабылу сөзі
Осымен «Туған ел» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім — Қазақстан,
Ең бақытты балалардың Отаны!
Тілек
Қымбатты балалар, қонақтар! Тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді, өрісі кең саналы ұрпақ көп болса, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену — бәрімізді толғандыратын маңызды мақсат. Ендеше, әрбір бала жұлдызын жарқырата білейік! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын! Сәт сапар тілейміз!
«Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы — А. Е. Ермекбаева