Құрметті ұстаздар мен балалар
«Жеңіс туы желбіре»
Бұл мәтін – 9 мамыр, Ұлы Жеңіс күніне арналған балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің мазмұны. Онда соғыс жылдарындағы ерлік, бірлік, аналардың еңбегі мен бейбіт өмірдің құндылығы туралы ойлар айтылады.
1) Білімділік
Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік қалыптастыру; білімдерін толықтыру және бекіту.
2) Тәрбиелілік
Отанды қорғауға құрметпен қарауға, отансүйгіштікке, үлкенді қадірлеуге, соғысқа қатысқан аға-апалардың рухына тағзым етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық
Балалардың ойлауын, қиялын, тілін, сөздік қорын және ән айту қабілетін дамыту.
Жүргізуші сөзі: мерекелік арнау
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс – жақсылықтың сыңары,
Жігер мен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
9 мамырдың мәні және тарихи жады
Құрметті ұстаздар мен балалар! 9 мамыр – бес жылға созылған Ұлы Отан соғысында фашист басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті жеңіс әкелген күн.
Жеңіс оңай келген жоқ: қаншама бала жетім қалды, қаншама ана жесір қалды, талай қыршын боздақ Отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы талай жүрекке жазылмас жара салды.
Биыл сол Жеңіске 73 жыл толды. Алайда бізге тыныштық пен бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Ерлер есімі – ел есінде мәңгі сақталады.
Ертеңгіліктің басталуы
Енді балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған мерекелік ертеңгілігін тамашалаңыздар. Ертеңгілікті бастамас бұрын балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына сөз кезегін береміз.
Соғыс суреті: қайғы мен төзім
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Музыкалық көрініс: «Баласын сағынған ана»
(Қарлығаш және Көгершін топтарының тәрбиеленушілері)
Тылдағы ел де ерледі,
Тынымсыз күн-түн терледі.
Ерлердің жоғын білдірмей,
«Жауды да жеңіп кел!» деді.
Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін. Біз үшін жанын қиған жандарға бас иеміз.
Батыр қыздардың ерлігі: Әлия мен Мәншүк
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен қатар апаларымыз да естен кетпес ерліктер көрсетті: қан майданда жараланған солдаттардың өмірін сақтап, көмегін аямады.
Сұм соғыс өрімдей жас Әлия мен Мәншүктей батыр қыздарымызды да жалмады. Мәншүк 19 жасында соғысқа аттанып, пулеметші болды. Ол елі үшін отқа түсіп, ерлікпен қаза тапты.
Тағзым
Батыр апаларымыз бен ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән
Көгершін тобының тәрбиеленушісі Сайын Құндызды «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.
Аналарға тағзым: тыл еңбегі мен мейірім
Ана – нәзік те мейірімді. Бұл мереке тек ер-азаматтарға ғана емес, аналарға және барша халыққа ортақ. Елде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының амандығын тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай жұмыс істеді. Нәзіктігіне қарамастан, шырылдаған баласымен бірге тылда тер төккен аяулы аналар аз болған жоқ.
Аналар, жүзге жетің,
Ұл-қыздарың өздеріңді еркелетсін.
Әрқашан шаттықтан орын алып,
Уайымның не екенін білмей өтсін!
Би
Қарлығаш тобының тәрбиеленушілерін «Жігіттер» биімен қарсы алайық.
Жеңіс бағасы және болашақ аманаты
Балалар, жеңіске жету оңай болған жоқ. Оның жолында миллиондаған азамат мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасты. Бірлік пен ерліктің арқасында Жеңіс сағатына қол жеткізді.
Жеңіс! Алақай, жеңіс!
Жасасын жеңіс!
Болмасын соғыс! Болмасын!
Ән
Қарлығаш тобының тәрбиеленушісі Асқар Гүлсезімді «Мен қазақтың қызымын» әнімен қарсы алайық.
Би
Көгершін тобының тәрбиеленушілерін «А ты меня любишь» биімен қарсы алайық.
Бейбітшілік туралы көрініс
Көрініс: балабақша педагог қызметкерлері
Алаулап гүл тұрады,
Туған жер құлпырады —
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы,
Тірлік те жақсарады —
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды —
Бейбітшілік болса!
Балалар болады аман,
Аналар болады аман —
Бейбітшілік болса!
Дана халқымыз «Бейбітшілік болса…» деп тегін айтпаған.
Флешмоб
«Сарбаздар»
Қорытынды: ұмытылмас ерлік, мәңгілік тілек
Балалар, біз аға-апаларымызға қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек жандарды бүгін еске алу, есімдерін ұмытпай, тарихта жаңғыртып отыру — бәріміздің парызымыз.
Ешқашан соғыс болмасын,
Ата-ананың гүлі солмасын.
Қиындықты қайыспай жеңерміз,
Елге амандық орнасын.
Бейбіт болсын әрбір күніміз,
Береке тола берсін жылымыз.
Биіктерде мәңгі желбіреп тұрсын,
Көк аспанмен түстес біздің туымыз.
Қорытынды ән
Мерекелік ертеңгілігімізді «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.
Автор туралы мәлімет
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасы.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы.