Сұрақ қоя біл
Сабақтың тақырыбы
Тіл мәдениеті
Сабақтың ой қазығы
«Темірді от балқытады, адамды сөз балқытады». Отты жаға білу керек, сөзді де дұрыс айта білу керек.
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары
- Тіл мәдениетін меңгереді.
- Ойлау қабілеті мен тіл байлығы дамиды.
Күтілетін нәтижелер
- Сыни ойлай білуге дағдыланады.
- Өз көзқарасын ашық әрі жүйелі жеткізе алады.
- Өз пікірін дәлелдеп, қорғай біледі.
Әдіс-тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда жоғары деңгейлі тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша жүйеленеді.
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
Тапсырмалар оқушының білімін еске түсіруден бастап, қолдану, талдау, жинақтау және бағалауға дейін бірізді дамиды.
1) Білім
Қайталау, еске түсіру
«Тіл мәдениеті» дегеніміз — сөйлегенде және жазғанда тілдік құралдарды (сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрылымы т.б.) дұрыс қолдану.
2) Түсіну
Түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау
- Тіл мәдениетіне нелер нұқсан келтіреді?
- Тіл өнерін халқымыз қалай бағалаған?
- «Сөз мағынасы — тауып сөйлеудің кілті» деген ойды қалай түсінеміз?
3) Қолдану
Жасап көру, көрсетіп беру
- Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс құрастыру.
- Диалогтік өлеңді мәнерлеп оқу.
- Монолог оқу.
4) Талдау
Бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу
Мәтіндерді талдап, тақырып қойыңдар. Мәтін мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер жазыңдар.
5) Жинақтау
Құрастыру, шығармашылықпен орындау
Сұрақ-жауап эссесін жазыңдар. Эсседе «Неліктен?» сұрағын тірек етіңдер.
6) Бағалау
Ұсыныс жасау, таразылау
«Менің тілім ХХII ғасырда қандай болады?» тақырыбында гипотеза (болжам) жасап, бағалап, салыстырыңдар.
Сергіту сәті
«Мен қандаймын?»
Қысқа сипаттама арқылы өз қасиеттеріңді атап, оны дәлелдейтін бір әрекет не мысал келтір.
Ақыл-кеңес
- 1. Өзгені түсін.
- 2. Өзгенің ойын тыңдай біл.
- 3. Өз ойыңды анық жеткізе біл.
- 4. Сұрақ қоя біл.
- 5. Өзгенің шешімін бағалай біл.
- 6. Өз ойыңды жаза да, айта да біл.
- 7. Өз шешіміңді ұсына біл.
Үй тапсырмасы
1) «Мен — ол»
Диалог жазу.
2) «Мен — мен»
Диалог жазу.
3) Монолог
Жаттау.