Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады АББҰ - Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы
Сабақтың тақырыбы
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тік белдемше негізінің өлшемін алып, сызбасын жаңа технология бойынша есептей білуге үйрету.
Дамытушылық
Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, алған білім арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамды қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне көмектесуге және еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.
Жабдықтар мен материалдар
- Негізгі мата, астарлы мата
- Желімді материал
- Бор, қайшы
- Сызғыштар, сантиметрлік таспа
- Инелер, жіптер
Оқулық-көрнекі құралдар
- Нұсқаулық карта
- Таратылатын сұлбалар
- Белдемше дайындауға арналған технологиялық карталар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақ басталар алдында оқушылардың жұмыс орнын тексеру.
- Оқушылардың сыртқы келбетін тексеру (арнайы киімі).
- Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
- Қажетті жабдықтар мен нұсқаулық карталарды тарату.
2) Енгізу нұсқаулығы
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Оқушылармен техника қауіпсіздігі ережелерін қайталау.
3) Дәрісті бекіту (ауызша)
- Тігістердің түрлері мен белгіленулері.
- Бұйымның алғашқы өңдеуіндегі ЫЖӨ операциялары.
- Белдемшелі киімдердің түрлері.
- Белдемшелі киімнің жоғарғы қиығын өңдеу принциптері.
4) Жаңа сабақты түсіндіру
Белдемше — әйелдердің сәнді киімдерінің бірі. XIX ғасырдың аяғына дейін оны әйелдер ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп, белінен төмен қарай кеңейе түседі.
Белдемше барқыттан және әртүрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкерілген, түрлі әшекейлермен безендірілген. Белі қапсырмамен түймеленген. Белдемше көйлектің етегін толық жаппайтындай етіп тігілген.
Өлшем алу ережелері
Киім өлшемін анықтау үшін негізгі өлшемдер алынады. Өлшемдер белгілі тәртіппен алынады: алдымен көлденең (горизонталь), кейін ұзындық бойымен (вертикаль) өлшейді. Белді белдікпен қынайды; өлшем алғанда жеңіл киіммен тұрған дұрыс.
Өлшегенде сантиметрлік таспаны сол қолмен ұстап, өлшейтін негізгі нүктеге дәл келтіреді. Әйел киімін әдетте оң жақтан, ер адам киімін сол жақтан өлшейді.
Негізгі өлшем белгілері
- БЖО — белдің жартылай орамы
- Бел деңгейінде тұлғаны айналдыра көлденең өлшенеді. Белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.
- ЖЖО — жамбастың жартылай орамы
- Жамбас деңгейінде тұлғаны айналдыра көлденең өлшенеді. Белдемшенің енін және қымтырмалардың енін анықтауға қолданылады.
Ұзындық өлшемдері
- БҰ — бұйымның ұзындығы
- Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін өлшенеді. Белдемшенің ұзындығын анықтайды.
- АББҰ — артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы
- Артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне дейін өлшенеді (VII мойын омыртқасы). Бел сызығынан жамбас сызығына дейінгі арақашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады.
5) Қорытынды нұсқаулық
- 1 Машина жұмыстарының терминологиясын бекіту.
- 2 Қорытынды жасап, жалпы қателерді талдау.
- 3 Күнделіктерді толтыру.
6) Үй тапсырмасы
- Күнделікті толтыру.
- Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындау: замок, түймелер, желімді өрмекші.
7) Жұмыс орнын тапсыру
Оқушылардан жұмыс орындары мен құралдарды қабылдап алу, қауіпсіздік талаптарына сай жинақтылығын тексеру.