Абайдың қара сөздері
Тіл мерекесіне арналған сайыс
Тәрбиеші қатысушыларға арнап: «Армысыздар, балабақша ұжымы, қадірлі әріптестер! Бүгінгі тіл мерекесінде ұлы Абай атамыздың “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін!” тақырыбы аясында тәрбиешілер арасында сайыс өтеді», — деп сөз бастайды.
Ой өзегі: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» — деген С. Торайғыровтың өсиеті Абай мұрасының бір ғана әдебиет аясымен шектелмейтінін аңғартады.
Абай — қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама тұлға; «өлеңнің атасы, сөздің патшасы», қазақ поэзиясының асқар биігі. Оның қара сөздері мен сырлы өлеңдері ұрпаққа өнеге, халыққа рухани тірек болып келеді.
Сайысқа қатысушылар
Қатысушылар балабақша топтары бойынша ұсынылады:
Бөбектер тобы
Рашова Ұлбосын
I кіші тобы
Қатысушы көрсетілмеген
II кіші тобы
Қатысушы көрсетілмеген
Ортаңғы «Б» тобы
Қатысушы көрсетілмеген
Ортаңғы «А» тобы
Қатысушы көрсетілмеген
Ересек тобы
Қатысушы көрсетілмеген
Әділқазылар алқасы
Төрайым
Балабақша меңгерушісі
Мүше
Балабақша әдіскері
Мүше
Балабақша психологы
Сөз кезегі балабақша меңгерушісіне беріледі.
I кезең — Өлеңдерді көркем оқу
Тәрбиешінің кіріспе шумақтары:
Ұлылығы жер-әлемге таралған,
Қасиетіне басын иген бар адам.
Абай атам — мақтанышы қазақтың,
Бар өмірін өлең-жырға арнаған.
Өмірзақова Зибагүл
«Әсемпаз болма әрнеге»
Рашова Ұлбосын
«Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Көшекбаева Гүлбану
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ерназар Гүлсім
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Қали Дәмегүл
«Құлақтан кіріп, бойды алар»
Садықова Жадыра
«Жыл мезгілдері»: «Жазғытұры», «Күз», «Қыс»
Музыкалық үзіліс
Кішкентай бүлдіршін Ақбаянның орындауында «Бипыл» әні.
II кезең — Қара сөздер әлемі
«Абайға табынбаған адам — ақылға табынбайды», — деген Ғ. Мүсірепов сөзі Абайдың ой кемеңгері екенін айқындайды. Қара сөздерінде ұрпаққа үлгі, шексіз ұлағат, аманат жатыр.
1) Естілген сөзді ұмытпастыққа неше түрлі себеп бар?
Жауап: Өмірзақова Зибагүл — Отыз бірінші қара сөз.
2) «Қайрат, ақыл, жүрек» — қай қара сөз?
Жауап: Рашова Ұлбосын — Он жетінші қара сөз.
3) «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» мақалын Абай қай сөзінде келтіреді?
Жауап: Көшекбаева Гүлбану — Алтыншы қара сөз.
4) Бала дүниеге келгенде екі түрлі мінезбен туады — ол қандай?
Жауап: Ерназар Гүлсім — Жетінші қара сөз.
5) «Қазақтың екі қасиеті: қуаныш пен жұбаныш» — қай қара сөз?
Жауап: Қали Дәмегүл — Жиырма үшінші қара сөз.
6) Абай махаббат сезімін қай қара сөзінде сөз етеді?
Жауап: Садықова Жадыра — Қырық бесінші қара сөз.
Тәрбиешілер жауаптарын толық әрі жүйелі түрде жеткізді.
Би нөмірі
Балалар тобының орындауында «Қара жорға».
III кезең — Сұрақ-жауап
Тәрбиешілер үстел үстіндегі сұрақтарды жеребе бойынша таңдап, жауап береді.
1) Абай қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден өтті?
Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келіп, 1904 жылы өмірден өтті.
2) Абай неше жасында мұсылманша, орысша оқыды және би атанды?
Абай 10–12 жасынан мұсылманша білім алып, 14 жасында медреседе және орыс мектебінде оқыған. 15 жасында ел ішінде би болып танылған.
3) Абай қай тілдерді меңгерген?
Абай араб, парсы және түркі тілдерін меңгерген.
4) Абай қай ұлт өкілдерімен достасты, кімдердің еңбектерін оқыды?
Абайдың өнер-білімге бет бұруына орыс достары Грось пен Михаэлис ықпал еткен. Ол Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургенев еңбектерін оқыған.
5) Абайдың аударма мысалдарын атаңыз.
«Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл», «Бақа мен өгіз», «Қарға мен бүркіт» және т.б.
6) Абайдың қанша қара сөзі бар?
Абайдың қырық бес қара сөзі бар.
IV кезең — Абай әндері
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Бұл жолдар әр адамды өнерге, ізгі іске, өз орнын табуға үндейді.
-
«Желсіз түнде жарық-ай»
-
«Көзімнің қарасы»
-
«Айттым сәлем, Қаламқас»
-
«Бойы бұлғаң»
-
«Сегіз аяқ»
-
«Татьяна сөзі»
Әділқазылар алқасына сөз беріліп, сайыс қорытындыланады. I, II, III орын иегерлері және ынталандыру сыйлықтары марапатталады.
Қорытынды ой
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, Абайдың әр сөзі қазақ үшін бойтұмар. Абай есімі — қазақ әдебиетінің таңдаулы дәстүріндегі, атына заты сай символ. Абайды оқыңдар, таныңдар, қайта оқыңдар. Абай өсиетін тыңдаудан ешқашан жалықпаңдар.