Үшінші көмек
Ойынның өту барысы
«Географиялық алаң» форматы оқушыларды жылдам ойлауға, карта мен ұғымдарды байланыстыра талдауға және командалық жұмысты нығайтуға бағытталған.
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды топтарға бөлу.
- Белгіленген орындарына отырғызу.
- Әділқазылар алқасын анықтау.
- Қатысушылардың назарын ойын шартына шоғырландыру.
II. Кіріспе бөлімі
Мұғалім ойынның мақсатымен, шарттарымен, қатысушы топтармен және әділқазылар құрамымен таныстырады.
III. Негізгі бөлім
1-тур: Өзін-өзі таныстыру
ТоптықӘр топ қысқаша таныстырып, ұраны мен ерекшелігін көрсетеді.
2-тур: «Зымыран» ойыны
20 сұрақ · 1 ұпайӘр топқа 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауаптар мүмкіндігінше жылдам берілуі тиіс.
I топ сұрақтары (жауаптарымен)
- Күн жүйесіндегі Күнге ең жақын ғаламшар — Меркурий.
- Елтаңбаның авторы — Ш. Уәлиханов.
- Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал — шаш гигрометрі.
- Қытайдың астанасы — Пекин.
- Жердің тас қабаты — литосфера.
- Жазықтар картада жасыл түспен боялады.
- Ең биік тау жүйесі — Гималай.
- Германияның ақша бірлігі — еуро.
- Тіршілік қабаты — биосфера.
- Үндістанның астанасы — Дели.
- Васко да Гамма — саяхатшы.
- Жердің табиғи серігі — Ай.
- Қазақ елінің діні — ислам.
- Қазақстан аумақ көлемі бойынша дүниежүзінде — 9-орында.
- Қырғызстанның ақша бірлігі — сом.
- Ең кіші материк — Аустралия.
- Суық материк — Антарктида.
- Жазда таңертең байқалатын су тамшысы — шық.
- Мойны ұзын жануар — керік.
- Ресейдің президенті — Дмитрий Медведев.
II топ сұрақтары (жауаптарымен)
- Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар — Жер.
- Қазақстан туының авторы — Ш. Ниязбеков.
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал — барометр-анероид.
- Ресейдің астанасы — Мәскеу.
- Жер бетіндегі ауа қабаты — атмосфера.
- Таулар картада қоңыр түспен боялады.
- Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен — Ніл.
- Өзбекстанның ақша бірлігі — сум.
- Су қабаты — гидросфера.
- Канаданың астанасы — Оттава.
- Ливингстон — саяхатшы.
- Еменнің өмір сүру ұзақтығы — 2000 жыл.
- Ең көп таралған дін — христиандық.
- Ең үлкен арал — Гренландия.
- Муссон — жел.
- Ылғалды материк — Оңтүстік Америка.
- Ең үлкен материк — Еуразия.
- Эйфель мұнарасы орналасқан қала — Париж.
- Ең кішкентай құс — колибри.
- АҚШ президенті — Барак Обама.
3-тур: «Елтану» ойыны
30 секунд · 10 ұпайТақтада 3 елдің мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Топтар интерактивті тақта құралдарын пайдаланып, оларды дұрыс сәйкестендіреді. Барлығы дұрыс болса — 10 ұпай.
4-тур: «Қара жәшік»
1 минут · 10 ұпайЖәшік ішіндегі зат сипатталады. Оқушылар оның не екенін табуы керек. 3 көмек беріледі: әр көмек алған сайын 1 ұпай шегеріледі.
I топ
Орта ғасырларда ежелгі гректер бұл өсімдікті жылан шаққан жерге ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ежелгі Мысырда пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлға күн сайын беріп отырған.
- 1-көмек: Отаны — Орта Азия.
- 2-көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдікке арналған жәрмеңке өтеді.
- 3-көмек: Иісі өткір, дәмі ащы, тағамға қолданылады.
Жауабы: Сарымсақ.
II топ
Бұл сусын алғаш рет XVIII ғасырда голландықтардың дастарханында пайда болған. Ресейге ол тосыннан келген: 1638 жылы Мәскеуден моңғол ханына сыйлық жіберіледі. Хан ризашылық ретінде өз сыйын жолдайды. Орыс елшілері оны бастапқыда «жарамсыз зат» деп қабылдағанымен, сыйлық Ресейге жетіп, патша ұнатып қалады. Әуелде дәрі ретінде қолданылып, XIX ғасырдан бастап кеңінен тұтыныла бастайды.
- 1-көмек: Отаны — Қытай.
- 2-көмек: Үндістан, Шри-Ланка, Жапония, Индонезия, Вьетнам, Грузия, Тайланд, Бирмада да өсіріледі.
- 3-көмек: Бұл сусынды ішпесе, қазақтардың басы ауырады (әзіл-ишара).
Жауабы: Шай.
5-тур: «Бұл қай ел?»
Карта · 1 минут · 10 ұпайЕл сипаттамасы беріледі. Топ сол елді картадан тауып көрсетеді. 3 көмек: әр көмек сайын 1 ұпай шегеріледі.
I топ
Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Халықтың басым бөлігі әлемге әйгілі өзеннің аңғары мен атырауында қоныстанған. Астанасы — материктегі ірі агломерациялардың бірі. Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болғандықтан, туризм халықаралық деңгейде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады, ал мақта — экспорттың маңызды бөлігі.
- 1-көмек: Африка мен Азияда орналасқан.
- 2-көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде.
- 3-көмек: «Пирамидалар елі».
Жауабы: Египет.
II топ
Бұл елдің атауы өз тілінен аударғанда «төмен жатқан жер» деген мағына береді. Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан, халқы өте тығыз қоныстанған. Өнеркәсіптегі жоғары технология салаларының үлесі бойынша әлемде Жапониядан кейін 2-орында. Ауыл шаруашылығының басты бағыты — көкөніс, жеміс-жидек өсіру, ал мал шаруашылығы — сүтті ірі қара өсіруге маманданған. Дүниежүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
- 1-көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
- 2-көмек: Бұл елді «гүлдердің отаны» деп атайды.
- 3-көмек: Екінші атауы — Голландия.
Жауабы: Нидерланд.
6-тур: «Қара жәшік» (жалғасы)
1 минут · 10 ұпайI топ
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдіктің жапырағынан гүлдесте жасап, оны басына және саз аспабына әсемдік ретінде таққан. Содан бері бұл гүлдесте «даңқ символы» ретінде әртүрлі халықаралық сайыстар жеңімпаздарының мойнына тағылып келеді.
- 1-көмек: Отаны — Жерорта теңізі жағалауы.
- 2-көмек: Грекияның елтаңбасында бейнеленген.
- 3-көмек: Жапырағы дәмдеуіш ретінде тағамға қолданылады.
Жауабы: Лавр жапырағы.
II топ
Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде өте жоғары бағаланады. Ертеректе Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап, барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығуы үшін осы дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.
- 1-көмек: Гүлін көбіне ер адамдарға сыйлайды.
- 2-көмек: Емге де пайдаланылады.
- 3-көмек: Отаны — Индонезия.
Жауабы: Қалампыр дәні.
7-тур: «Географиялық ассоциация»
30 секунд · 3 ұпайҰғымдар тізбегі беріледі. Оқушылар олардың қандай географиялық ұғымды білдіретінін табады. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай.
I топ (үлгі жауаптар)
- Толқын, қауіп-қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну — цунами.
- Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн — дүниежүзілік су айналымы.
- Ессентуки, Анталия, Майами — курортты жерлер.
- Мәскеу, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло — астаналар.
- Теңіз, көл, өзен — су қоймалары.
- Игуасу, Анхель, Виктория — сарқырамалар.
- Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия — жылы ағыстар.
- Мариана, Ява, Пуэрто-Рико — шұңғымалар.
- Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю — аралдар.
- Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат — таулар.
II топ (үлгі жауаптар)
- Мұхит, мұз, тау, «Титаник», қауіп-қатер — айсберг.
- Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра — сарқырама.
- Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган — желдер.
- Гвинея, Бискай, Парсы — шығанақтар.
- Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар — шөлдер.
- Ганг, Евфрат, Колумбия, Хуанхэ, Дунай — өзендер.
- Чад, Байкал, Гурон, Эри, Виктория — көлдер.
- Тайга, саванна, тундра — табиғат зоналары.
- Рим, Пекин, Братислава, Копенгаген, Каир — астаналар.
- Ла-Манш, Беринг, Гибралтар — бұғаздар.
8-тур: Интеллектуалды жекпе-жек (капитандар сайысы)
16 сұрақ · 1 ұпай16 сұрақ қойылады. Екі топ капитандары кезекпен жауап береді. Бірі жауап бере алмаса, екіншісі жауап беріп, ұпайды иелене алады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| Ең ұзын өзен? | Ніл |
| Ең жүйрік аң? | Гепард |
| Ең алып құс? | Африка түйеқұсы |
| Ең суыққа төзімді құс? | Пингвин |
| Ең үлкен мұхит? | Тынық мұхиты |
| Ең үлкен арал? | Гренландия |
| Ең терең көл? | Байкал |
| Ең биік шың? | Эверест |
| Ең биік сарқырама? | Анхель |
| Ең қалың мұз жамылғысы? | Вилкес жері (Антарктида) |
| Ең құрғақ жер? | Атакама шөлі |
| Ең төмен теңіз? | Өлі теңіз |
| Ең биік тау көлі? | Титикака |
| Ең тұзды теңіз? | Қызыл теңіз |
| Ең үлкен архипелаг? | Индонезия |
| Ең терең шұңғыма? | Мариана шұңғымасы |
Бой сергіту: жұмбақ сауалнама
Қызықты үзілісЖұмбақтар
- Бөлінген екі елге, халық бар азиялық шетелде. (Солтүстік және Оңтүстік Корея)
- Жер бетінде халқы көп, кім айтады елді дөп. (Қытай)
- Шығыс азиялық мемлекет, тұрады бес мың аралдан. Әлі күнге пират көп, қажетін тонап таба алған. (Индонезия)
- Өзі — қала, ел — өзі, дамыған үлгі үрдісі. Азиялық болса да, еуропалық тұрмысы. (Жапония)
- Мұсылман үшін қасиетті, дінінің туған жері еді. Мұнайда қалқып байыған, бұл арабтың қай елі? (Сауд Арабиясы)
Жүргізуші сөзі (қорытындыға өту)
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік. Сөз кезегін қазыларға берейік. Арамызда тапқыш достар көп екен — солардың нәтижесін көрейік.
Ғылымның сырын ұғынып, білімнің шыңына шығыңдар. Дарындылық пен тапқырлық сіздерді география құпиясына жетелейді. Осылайша сайысымызды аяқтаймыз.
IV. Қорытынды бөлім
- Сайыс қорытындысын шығару.
- Әділқазыларға сөз беру.
- Қатысушы топтарды марапаттау.