Алаңда қазақтың өрімдей жастары
Сахналық инсценировка туралы
Сценарий тақырыбы: «Ақтық сөз» (Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен).
Жанры: бес көріністі инсценировка (мектеп сахнасына арналған).
Қатысушылар
- Қазақ жастары
- Жасақшылар
- Қайрат Алматы сәулет институтының студенті
- Құттыбек Қайратпен бірге ұсталған, түрмеде бірге отырған жігіт
- А. Дубаев тергеуші
- Түрме қызметкері
- Екінші тергеуші
- Жазушы
- Ұрпақ оқушылар
Инсценировканы жазуда Коммунар Табейдің «Қайсар рухты қазақ» атты еңбегі пайдаланылды.
1-көрініс: Республика алаңы, 1986 жыл, желтоқсан
Музыка
«Елім-ай» әнінің әуені.
Сахна ашылады. Алматы, Республика алаңы. Алаңда қазақтың өрімдей жастары жиналған. Дауыстары зілді, нық. Олар алға қарай ұрандатып, шерулетіп келеді.
Жастардың ұрандары
«Өз басшымыз өзімізге!»
«Біз Колбинге қарсымыз!»
«Қазақты қазақ басқару керек!»
Жастардың алдынан толық қаруланған жасақшылар шығады: қолдарында дубинка, таяқ; жетектеген иттері бар. Бірден қым-қуыт жағдай басталады. Бейбіт шеруге шыққан жастарды қарумен ұрып құлатып, балағат сөзбен намысына тиеді. Қыздарды шашынан сүйреп, жігіттерді тепкінің астына алады.
Жасақшының сөзі (Қайратқа)
«Ты, нацист, кого хочешь обмануть? Что, не нравятся русские? Да, тебя учили, кормили, теперь ты хочешь перевернуть Советскую власть, молокосос! За 70 лет Советскую власть никто не мог перевернуть — тебе куда?!»
Жасақшы Қайраттың намысын таптап, сөзбен де, күшпен де қорлап, сүйрей жөнеледі.
2-көрініс: Камера іші
Музыка
«Желтоқсан желі» әнінің әуені.
Сахна ашылады. Камера іші өте көңілсіз, сұрқай. Камерада Қайрат пен Құттыбек отыр. Үстеріндегі киімдері жыртылған, бет-ауздары ісіп, жараланған.
Қайрат
«Құттыбек, ертең бәріміз шығамыз. Бүгін бізді ұрып-соғып қорлағандар әлі-ақ жауап береді: заң алдында, ар алдында, Алла алдында!»
Құттыбек
«Иә, Қайрат, айтқаның келсін! “Үмітсіз — шайтан” дейді. Үміттенеміз. Алдан жақсылық күтеміз ғой».
Темір есік сықырлап ашылады.
Түрме қызметкері (Қайратқа)
«Бол, тұр. Жауап алуға шақырып жатыр».
Ол Қайраттың қолына кісен салып, алып кетеді.
3-көрініс: Тергеу
Қайрат тергеушінің алдында.
Тергеуші (А. Дубаев)
«Жасақшы Савицкийді өлтіргеніңді мойныңа ал. Бәрібір мойныңа алдыртамыз».
Қайрат
«Иә, мен сіздерден жасырмаймын: 18 желтоқсан күні алаңға бардым. Біріншіден, ол жерде не болып жатқанын өз көзіммен көрейін дедім. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, қарап отыруға ер-азаматтық намысым жібермеді. Әйел затына араша болып, қолұшымды беруге барғаным рас. Оған өкінбеймін, керісінше мақтанамын».
«Әйелге айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, сүйрелегені үшін бір милицияны ұрғаным да рас. Бірақ оған ештеңе болған жоқ, дін аман. Менің бар “қылмысым” — осы ғана. Адам өлтірген жоқпын. Ол — жала».
Қысым және қорқыту
Тергеуші Қайратты балағаттап, «өлтірдім» деп мойындауға итермелейді, «сонда тірі қаласың» деп алдайды.
Қайрат: «Жоқ! Мен істемеген ісімді істедім деп мойныма ала алмаймын».
Тергеуші ымдайды. Қасындағылар Қайратты бас-көзге қарамай ұрып-соғады. Қайрат талып қалады. Оны сүйрелеп камераға қайта алып кетеді.
4-көрініс: Ақтық сөз
Музыка
«Елім-ай» әуені қайта естіледі.
Камерада Қайрат жалғыз. Әуенмен қатар оның ақтық сөзі естіледі.
Қайраттың ақтық сөзі
«Иә, жұмыр басты пендеге ақыры бір өлім. Менің жазықсыз екенім бір Аллаға ғана аян. Елім, халқым үшін жаным садақа!»
«Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай, бабалар,
Ұлы көсем бабамыз
Қатарға тең деп тартқан соң,
Компартия басқарып,
Достық отын жаққан соң,
Аға! дедік орысты
Әділдігі жаққан соң.»
Дереккөз және әзірлеуші
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №7 Е. Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева К. А.