Жұмыс кезеңімен таныстыру
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Мекеме: «Зырян қаласы №9 орта мектеп» КММ
Пән: Қазақ тілі, 4-сынып
Мұғалім: Матаева Ағлиман Бултукановна
Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың қарсы мәндес сын есім туралы түсінігін кеңейту.
- Заттардың жалпы сапалық белгілерін топтастыруға және ажырата білуге үйрету.
- Сөздік қорын молайту; қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың әртүрлі қасиеттерін бақылауға, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сабақтың ұстанымы: «Сүйіп істеген іс шаршатпайды».
Сүйікті ісімен айналысу адамның өзіне деген сенімділігін арттырып, шығармашылықпен еңбек етуіне ықпал етеді. Әр адам табиғатынан белгілі бір іске қабілетті, дарынды болады. Өз мүмкіндігін орынды қолдана білген адам айналасындағылардың құрметіне ие болады. Егер сендер берілген тапсырмаларды бар мүмкіндіктеріңді пайдаланып, мүдірмей орындасаңдар, нәтиже тіпті жоғары болмақ.
Топқа бөлу және бағалау
Оқушылар топтарға бөлінеді. Сабақ басында табыс критерийлері бірге құрастырылады.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- СТО стратегиялары, топпен жұмыс
Жаңа сабаққа дайындық
Мақсатпен таныстыру
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, күтілетін нәтижелері және жұмыс тәртібі түсіндіріледі.
Жұмыс кезеңдері
-
1
«Білгенге маржан, білмеске арзан»
Білімді еске түсіру және белсендіру.
-
2
«Ой қозғау»
Тақырыпқа қызығушылық ояту, бастапқы пікір қалыптастыру.
-
3
«Тұра берген су сасиды, ойламасаң ми сасиды»
Ойлау әрекетін белсендіру, тапсырмалар арқылы талдау жасау.
-
4
«Ойға түстім, ойландым»
Өз ойына сүйеніп, қорытындыға келу.
-
5
«Сәулең болса кеудеңде»
Түсінгенін дәлелдеу, ойды жүйелеу.
-
6
«Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табылар»
Тереңдету, қосымша тапсырма (уақыт қалса).
I кезең: «Білгенге маржан, білмеске арзан»
Сынып топтарға бөлінеді. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру үшін тапсырмалар түстер бойынша ұсынылады.
Қызыл топ
Екі түбірден біріккен сөз құрап жаз.
Жасыл топ
Семантикалық картамен жұмыс.
Сары топ
Сөздерді сызба бойынша өзгертіп жаз. Не байқадың?
Өткен тарау бойынша білімді пысықтау
Көп нүктенің орнына мағынасына қарай сөздерді қойып, сөзжұмбақты шеш.
- 1. Ұйқысы келіп, …
- 2. Ұйықтап жатып, … көрді.
- 3. Түсінде кітабын жоғалтып алып, …
- 4. Оған әкесі кітап …
- 5. Таңертең орнынан …
- 6. Түсінде … кітабы үстел үстінде жатыр екен.
- 7. Кітабын …, көңілі жайланды.
Сұрақ
Қай сөз артық? Дәлелде.
Жеке оқушымен жұмыс
Етістік туралы не білдік — қорытындылап, ойын ортаға салсын. Немен толықтырар едің?