Доппен жүгіру
Көңілді спорттық жарыс
Бұл іс-шара — балаларға арналған ойын түріндегі спорттық сайыс. Жарыс барысында қатысушылар шапшаңдыққа, жылдамдыққа және ұйымшылдыққа машықтанады, ал балалардың спортқа деген қызығушылығы артады.
Мақсаты
- Балаларды ойын түрлерімен таныстыру және оларды дұрыс орындауға үйрету.
- Спортқа деген қызығушылықты арттыру.
- Шапшаңдық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Әдіс-тәсілдер және түрі
- Әдіс-тәсілдер
- көрсету, түсіндіру
- Түрі
- ойын, сайыс
Барысы
I. Оқушыларды ұйымдастыру
Қатысушыларды сапқа тұрғызып, командаларға бөліп, қауіпсіздік ережелерін қысқаша еске салу.
II. Кіріспе
Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар! Бүгін мектебімізде үлкен спорт мерекесі өтеді. Арамызда көңілді, мықты, епті, батыл балалар көп. Осыған орай даярлық сыныптар арасында «Көңілді старт» атты спорттық жарыс ұйымдастырамыз.
Құрметті қонақтар, ортаға сайыскерлерді шақырамыз! Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Командалар
I топ
Ботақандар
Ұраны:
Ботақанбыз, мән басқан,
Жұлдызбенен таласқан.
II топ
Қошақандар
Ұраны:
Қошақанбыз момақан,
Жарысқа бүгін жол ашқан.
Хормен:
Біз ойынға дайынбыз!
Ойындар мен кезеңдер
-
1
Доппен жүгіру
Кішкентай доппен эстафеталық жүгіру.
-
2
Доппен секіру
Үлкен доппен секіру арқылы қашықтықтан өту.
-
3
Допты себетке лақтыру
Нысанаға дәлдік: допты себетке түсіру.
-
4
Шығыршықтан өту
Шығыршық арқылы жылдам әрі дұрыс өту.
-
5
«Қараңдаршы маған, қандай мен сұлумын!»
Көңілді шығармашылық кезең: қимыл-қозғалыс пен өзін еркін ұстауға баулу.
-
6
Қаппен жүгіру
Қаппен секіріп жүгіру арқылы эстафетаны аяқтау.
Қимылды ойын:
_________________________________
Қорытынды бөлім
Хормен:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз. Әділқазылар шешімі бойынша командалар I орын, II орын, III орын бойынша марапатталады.
IV. Қорытынды. Мадақтау және қатысушыларға алғыс айту.