Сабақты қорыту Тудың авторы кім

Сабақтың міндеттері

Оқу дағдысы

Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға машықтандыру.

Тіл дамыту

Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту.

Шығармашылық

Шығармашылық қабілеттерін, қиялын және ой-өрісін кеңейту.

Эстетика

Эстетикалық танымын қалыптастыру және дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған.

  • Сұрақ-жауап

    Тақырыпты ашуға және пікір білдіруге жетелейді.

  • Топтық жұмыс

    Ортақ ой құру, талқылау және постер жасау.

  • Өз бетінше жұмыс

    Тапсырманы дербес орындау арқылы дағды қалыптастыру.

  • Жеке жұмыс

    Жеке жауапкершілік пен нақты нәтижеге бағытталу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық және топқа бөлу

Мұғалім әрекеті

  • Психологиялық дайындық жүргізеді.
  • Сыныпты 4 топқа бөледі: Астана, Алматы, Жамбыл, Қостанай.

Оқушы әрекеті

Сабаққа көңіл күй қалыптастыру өлеңі

Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Сабағымыз басталды.
Құлағымыз түріліп,
Бақырайып көзіміз ашылды.
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз,
Жоғалтпай босқа уақытымызды.

2) Қызығушылықты ояту

«Идеялар тақтасы» әдісі

Сұрақ

«Отан» дегенде көз алдыңа не елестейді?

Оқушылар өз ойларын қысқа сөздермен жазып, идеялар тақтасына іледі.

Мысал сөздер

Отбасы Атамекен Туған жер Ел Тіл

3) Мағынаны тану

Үй тапсырмасы және жаңа тақырып

Мұғалім әрекеті

  1. 1 Үй тапсырмасын тексереді.
  2. 2 Жаңа тақырыпты хабарлайды.
  3. 3 Т. Молдағалиев туралы қысқаша мәлімет береді.
  4. 4 Өлеңді мәнерлеп оқып береді.
  5. 5 Тудың авторын таныстырады.

Оқушы әрекеті

  • Зер салып тыңдайды.
  • 3–4 оқушы өлеңді оқып береді.
  • Негізгі ақпаратты есте сақтайды.

Оқу материалы

«Менің Отаным» (өлең/мәтін бойынша оқу).

4) Ой-толғаныс

Топтық және жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Өлеңде не туралы айтылғанын анықтап, постерге тізіп жазады.

Аспан Ту Алтын күн Жас қыран

Жеке жұмыс

Стикерге тасымалданбайтын сөздерді жазу.

Нәтиже

Әр оқушы өз жауабын дәлелдеп айтады және сыныппен бөліседі.

5) Сабақты қорытындылау

Сұрақтар, кері байланыс, бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Тудың авторы кім?
  • Отаның саған не берді?
  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.