Пайдалы қазбалар топтамасы

Дүниетану · 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары деген не?

Бұл сабақта оқушылар пайдалы қазбалармен танысып, олардың адам өміріндегі маңызын және қолданылу жолдарын түсінеді. Сондай-ақ Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға пайдалы қазбалар туралы түсінік қалыптастыру және олардың адам өмірі үшін маңызын ашу.
  • Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету.

Оқу міндеттері

  1. 1 Тау жыныстарының түрлері, қасиеттері және өндіру жолдары туралы білім алады.
  2. 2 Танымдық белсенділігі артып, логикалық ойлауға, салыстыруға және қорытынды жасауға үйренеді.
  3. 3 Топта бір-бірінің пікірін тыңдап, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуді меңгереді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тау жыныстарымен танысады, өз бетімен ізденуге дағдыланады және топ ішінде ортақ мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.

Назарда:

Өзара тыңдау мәдениеті, бірін-бірі толықтыру және дәлелді пікір айту.

Оқыту технологиясы

Сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды оқушыларды қолдау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, сондай-ақ басқару және көшбасшылық тәсілдері қолданылады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сыни тұрғысынан ойлау элементтері
  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Топпен жұмыс

Сабақ форматы

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Карта

    Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы

  • Топтама

    Пайдалы қазбалар коллекциясы

  • АКТ

    Интерактивті тақта: тау жыныстарының суреттері мен үлгілері

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы үш кезеңге бөлінеді: ұйымдастыру, қызығушылықты ояту және мағынаны тану.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Орта қалыптастыру

Психологиялық ахуал орнату, ынтымақтастыққа бағыттау.

Ойын

«Шаршы топ»

Топқа бөліну

Мозайкалық әдіс арқылы топтарға бөлу.

Бағалау

Өзара бағалау

Топ мүшелері бір-бірінің жұмысына пікір білдіреді.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Екі ұнамды тұс және бір жақсартуға ұсыныс айту.

II. Қызығушылықты ояту

Топтастыру тақырыбы

Адам өміріне пайдалы дүниелер

Оқушылар күнделікті өмірде қолданылатын заттардың қайдан алынатынын талқылайды және пайдалы қазбалардың рөлін анықтайды.

Миға шабуыл сұрақтары

  • Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?
  • Оларды қайдан алады?
  • Отынның қандай түрлерін білесің?
  • Металды қалай алады және оны қайда пайдаланады?
  • Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?

III. Мағынаны тану

Тақырып пен мақсат

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Оқулықпен жұмыс

Мақаланы оқу: «Тау жыныстары деген не?»

Талқылау

Әңгімелесу, пікір алмасу, дәлел келтіру.

Топтық тапсырма: тірек-сызба құрастыру

«Пайдалы қазбалар» туралы айтқанда ойға не келеді? Топтар ортақ тірек-сызба жасап, түсініктерін жүйелейді.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Қандай тау жыныстары болады?
  • Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан мысал келтіріп, көрсет.

Таныстырылым және толықтыру

Әр топ өз жұмысын таныстырады. Басқа топтар тыңдап, толықтырады және сұрақ қояды.

АКТ қолдауы

Интерактивті тақтадан тау жыныстарының суреттері көрсетіліп, негізгі ұғымдар нақты мысалдармен толықтырылады.