Қуыршақтың киімін сәндеу

7-сынып. Технология

Сабақ тақырыбы: Жалпы киім топтары мен түрлері. Стиль, сән және силуэт туралы түсінік.

Сабақ түрі: аралас Әдістері: түсіндіру сұрақ-жауап топтық жұмыс сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Киім және оның стильдері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Сән тарихына шолу жасап, силуэт түрлері туралы мәлімет беру.
  • Теориялық білімді арттырып, таным көкжиегін кеңейту, шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық

  • Талдау жасауға үйрету.
  • Киім стилдерінің ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Жас ерекшелігіне сай киінуге бағыттау.
  • Киіну мәдениеті мен эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
  • Әсемдікке, сұлулыққа және ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекілік және пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Оқулық, дәптер, слайд, плакат, түрлі-түсті бояулар, суреттер, мата, түйреуіштер, манекен.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, тарих, геометрия, сызу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарды тексеру.
  • Зейінді сабаққа аударту.

II. Психологиялық тренинг

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны.

III. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Тігін машинасының түрлері: қол машинасы, аяқ машинасы, электрлі машина, арнайы машина.
  2. Тігін машинасының жобасын ұсынған: Леонардо да Винчи.
  3. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу: матаны үтіктеу.
  4. Зингер зауыты ашылған қала: Подольск.
  5. «Тігін машинасының атасы»: Элиос Хоу.
  6. Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері: еске түсіру және талқылау.
  7. Қазіргі заманға ұқсас тігін машинасын жетілдірген ғалымдар: талқылау және мысал келтіру.

IV. Жаңа сабақ

Киім туралы түсінік

Киім — адам денесін жабатын жамылғы. Ол адамды қоршаған ортаның және табиғаттың әртүрлі әсерлерінен қорғайды. Киімнің тұтыну мәнімен қатар, ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы да бар.

Киім тігуге ежелден мал мен аң терісі, өсімдік тектес талшықтар, ағаш, балық және құс өнімдері, сондай-ақ жасанды материалдар қолданылған.

Топқа бөлу және тапсырма

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Көктем» және «Күз».

  • Қуыршақты киіндіру.
  • Қуыршақ киімін сәндеу (бір стиль бағытын ұстану).
  • Видео-ролик көру және ой бөлісу.

Сән

Сән (лат. modus — өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі) — белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән — әлеуметтік құбылыс.

Қазақстанда сән өнерін танытқан деректер: «Сымбат» атауымен алғашқы журнал — 1958 жылы; алғашқы мода театры — 1987 жылы ашылды.

Елімізді әлемге танытып жүрген дизайнерлер: Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова), ZhaZira.

Сән әлемінен қызықты деректер

  • Ең кәрі модель: Кармен Делль Орефис — 80 жаста.

  • Ең жас модель: Айре Браун — 2 жаста.

  • Ең үлкен көйлек: корей дизайнері әрі тігінші Ааму Сонг 550 метр матадан тігілген қызыл көйлекті («REDDRESS») көпшілікке таныстырған. Көйлектің «қалталарына» 238 адам сыяды. Көйлек Хельсинкиде тігіліп, Лондон мен Нью-Йорктегі дизайн фестивальдері аясындағы көрмелерде көрсетілген.

Силуэт

Силуэт (фр. silhouette) — киімнің сыртқы кескіні. Ол ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақын геометриялық пішіндер арқылы сипатталады (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ және т.б.).

Силуэт түрлері

тік белдес сопақ X-силуэт трапеция жартылай жантайған

Денеге қонымдылығы бойынша

  • Денеге жабысып, қонымды тұратын киімдер.
  • Тік пішім (кеуде, бел, мықын сызықтары бір түзу бойында орналасады).
  • Жартылай жабысып тұратын киімдер.
  • Кең және трапециялы (төменгі бөлігі кеңейген) киімдер.

Стиль

Стиль (гр. stylos — мәнер, сипат, ерекшелік) — киімнің жалпы бейнесін, пішімін, материалын және әрлеуін біріктіретін бағыт.

Классикалық

Қатаң, іскерлік, элегантты және уақыт өте аз өзгеретін стиль.

Романтикалық

Қиял мен нәзіктікті білдіреді; тарихи костюмге меңзейді. Әйелдік сипат беретін бөлшектер, жиектер, сәндік әрлеу кең қолданылады.

Спорттық

Міндетті түрде спортқа арналмаса да, қозғалысқа ыңғайлы. Демалысқа, жаттығуға, саяхатқа қолайлы киімдер.

Фольклорлық (этникалық)

Ұлттық сипаттағы заманауи киім. Құрастырмалы ою-өрнек, кесте, қолөнер элементтері жиі кездеседі; әр халық пен дәуірдің рухын бейнелейді.

Практикалық бөлім

  • Қуыршақты бір киім стилі негізінде сәндеу.
  • Сұрақ-жауап арқылы талқылау және пікірталас жүргізу.

V. Қорытынды

Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша түсінгенін қысқаша айтып келу (негізгі ұғымдарды анықтамасымен бірге).

Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен орындаған жұмыстары бойынша бағаланады.

Сабақты аяқтау

Жұмыс орындарын жинастыру және құрал-жабдықтарды ретке келтіру.