Алтын сандық

Қазақ тілі · 3-сынып

Сабақ түрі: дәстүрлі · Сабақ типі: пысықтау

Сұрақ–жауап Көрнекілік Топтастыру Семантикалық карта Өздік/жұптық жұмыс

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Сабақтың мақсаты

  • Зат есім туралы білімді пысықтау; сөйлем ішінен зат есімді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге және сауатты жазуға үйрету.
  • Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары

Техникалық құралдар

Интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы.

Көрнекі материалдар

Суреттер, магнитті тақта, жазба материалдар.

Ойын және тапсырмалар

Алтын сандық, алтын кілт, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылыну

Сабаққа кіріспе өлең жолдары

Армысыздар, балалар! Сабаққа дайынбыз ба?

Шебер, шешен өнеріне сай келейік талапқа.

Үйден дайындық бар ма, тапсырмамыз дұрыс па?

Оқымасаң уайым жеп, тығылмаймыз қуысқа.

Ойымызды ашық айтып, білімімізді бастайық.

Мына отырған ұстаздар қалсын бір сәт марқайып.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау
  • Заттарды атау: берілген сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазу (2–3 оқушыдан сұрау).
  • «Жасырынған қосымшаны тап» ойыны: қосымшаның түрін ажырату.

III. Жаңа сабақ

Тақырып

1) Жұмбақ шешу

Кім? Не? деген сұрақ қойып,
Сөйлемде ой иесі боламын.

Жауабы: зат есім

Талқылау

Зат есім дегеніміз не?

Сұрақтар

Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?

Мысал

Зат есімге мысал келтіріңдер.

2) «Алтын сандық» тапсырмасы

Сандық ашылмайды — кілті жоқ. Оқушыларға ой тастаймыз: «Кілті қандай?», «Ішінде не бар?»

Сандықтың ішінде не барын сабақ соңында білеміз. Сондықтан белсенді қатысып, өзімізді жақсы қырынан көрсетейік.

3) Дәптермен жұмыс (өздік жұмыс)

«Сандық» сөзіне дыбыстық талдау:

Қысқаша сипаттама

  • 2 буын
  • 6 әріп
  • 6 дыбыс
  • 2 дауысты дыбыс
  • 4 дауыссыз дыбыс

Әріптерге талдау

  • С — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан
  • Н — дауыссыз, үнді
  • Д — дауыссыз, ұяң
  • Ы — дауысты, жуан
  • Қ — дауыссыз, қатаң

4) Сөзжұмбақ шешу

Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздерді табу арқылы жаңа білімді бекітеді.

5) Оқулықпен жұмыс: 2-жаттығу

  • Мәтінді оқу.
  • Мәтінге ат қою.
  • Зат есімдерді тауып, көшіріп жазу.

6) Практикалық тапсырма: мамандық иелеріне қажетті құралдарды табу

Оқушылар мамандық атаулары мен құрал-саймандарды сәйкестендіріп, зат есімдерді анықтайды.

7) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы назарды жаңғырту.

8) 3-жаттығу: топтастыру

Адамдар

нағашы, аға, мұғалім

Құстар

аққу, қарлығаш, қарға (т.б.)

IV. Қорытынды

Бекіту

Семантикалық карта (жұппен жұмыс)

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді: бірін-бірі тексеріп, өзара бағалайды.

Қайта сұрақтар

  • Біз нені үйрендік?
  • Зат есім туралы не білеміз?
  • Зат есімге мысал келтір.

V. «Алтын сандық» ашылады

Мағыналық түйін

Хат мәтіні

Кітап — адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Білімнің қайнар бұлағы — кітап. Сондықтан да оны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз.

Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді.

Адамның досы — кітап, өмір кілті.

Міне, сендер білімдеріңнің арқасында алтын сандықты аштыңдар.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

VI. Үй тапсырмасы

Жалғастыру

Оқулықтан 5-жаттығу.