Мәтінді тізбектей әңгімелеу

Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ жоспары

Пәні: Әдебиеттік оқу (3-сынып) Тақырыбы: Мамандық таңдау

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

  • Мамандық типтері туралы түсінік беру, құндылықтар жайлы дүниетанымды кеңейту.
  • Мәнерлеп оқу, теріп оқу, дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру.
  • Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды байыту.

Тәрбиелік

  • Мәртебелі мамандықтарды құрметтеуге, еңбек иесін қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Әр мамандық иесінің қоғам игілігі үшін тер төгетінін ұғындыру.

Дамытушылық

  • Шығармашылық қиялды, танымдық үдерістерді дамыту.
  • Ой тұжырымдап, өз пікірін дәлелдеуге және еркін айтуға дағдыландыру.

Әдістер

Ізденушілік Зерттеушілік Семиотикалық Сұрақ-жауап Сөздік Көрнекілік

Көрнекіліктер

  • Мамандықтарға қатысты суреттер
  • Теледидар, магнитофон
  • Үлестірмелі карточкалар
  • Т. Молдағалиевтің портреті

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг

Тренинг: «Мен қандаймын?»

Оқушылар шарды бір-біріне бере отырып, өзін сипаттайды. Шарт: есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын бір қасиетін қосып айту.

Мысал: «Жаны жайдары Жүсіпбекпін».

II. Тақырып пен мақсатты хабарлау

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың өздері атаған жақсы қасиеттері болашақта жарқын өмірге қызмет ететініне сенім білдіреді де, «Адам өміріне не қажет?» деген сұрақ арқылы талқылауды бастайды.

Рухани қажеттіліктер

  • білім
  • өнер
  • музыка
  • ғылым

Материалдық қажеттіліктер

  • киім
  • үй
  • көлік
  • асыл тастар және т.б.

Негізгі ой

Қажеттіліктерге еңбек арқылы жетеміз. Еңбек түрлері: ой еңбегі және дене еңбегі. Ал мақсатқа жүйелі жету үшін адам мамандық пен кәсіпті игеруі керек.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Адам өз мамандығын таңдағанда нені басшылыққа алуы керек?
  • Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
  • Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
  • Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан және қалай дайындауы керек?
  • Бірнеше мамандықты меңгерген адамның өмірі қалай өзгереді?
  • Адам өз еңбегінің жемісін қай кезде көреді?

Қорытынды: бүгін мамандық туралы пікір алмасамыз, ой бөлісеміз, сызба дайындаймыз және білімімізді кеңейтеміз.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Топтық жұмыс

Мұғалім ине, біз, жіпті көрсетіп сұрақ қояды: «Бұл кімнің құралдары?» Әңгіме материалдық қажеттіліктің маңыздысының бірі — жылы киім екеніне ұласады. Одан кейін тігінші мамандығы туралы түсінік кеңейтіліп, үй тапсырмалары талқыланады.

1-топ

Мәтінді мәнерлеп оқу.

2-топ

Мәтінді тізбектей әңгімелеу (эстафета тәсілімен), мазмұнын 3-жаққа айналдырып айту.

3-топ

«Киім қалай пайда болады?» тақырыбында мәтін (мәнжазба) дайындау.

4-топ

Мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетін бағалау, негізгі ойды анықтау және мақал-мәтелмен қорытындылау.

5-топ

Қазақтың ұлттық киімдерінің суреттерін жинақтау. Қолөнер шеберлерінің туындыларын атау.

6-топ

Кестені толтыру.

7-топ

Кроссворд құрастыру.