Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың тақырыбы
7 санын қосу және азайту (слайд арқылы).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру, сандар құрамы туралы білімін кеңейту.
Дамытушылық
Білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; есте сақтау қабілетін және қосу мен азайтудың өзара байланысына сүйене отырып логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, көркем жазуға баулу; топпен жұмыс істеуге үйрету; елін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Топпен жұмыс жасауға үйрету.
- Сөздік қорын дамыту.
- Бір-бірін құрметтеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа мағынаны тану.
- Әдісі
- СТО әдістері.
- Көрнекіліктері
- Интерактивті тақта, парақшалар, бағалау бетшелері.
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
2) Қызығушылығын ояту
Электрондық оқулықпен жұмыс
Қысқа тапсырмалар арқылы өткен білімді белсендіру және жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.
Ойын әдісі: “Қар жауар” ойыны
Мақсаты: ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, қосу мен азайтуды шапшаң орындау.
Топтастыру әдісі: 7 санының қасиеттері
Оқушылар 7 саны туралы білетіндерін топтап, ортақ қорытынды жасайды (құрамы, көршілес сандар, теңдеулерде қолданылуы және т.б.).
3) Мағынаны тану
Өткенді еске түсіру: 7 санының құрамы
Көрнекілік әдісі
Слайд, сурет және заттық модельдер арқылы 7-ні қосу/азайту тәсілдерін көрсету.
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс: топтастыру
Берілген тапсырмалар бойынша қосу мен азайтуды салыстыру, тәсілдерді топтау және талқылау.
Дәптермен жұмыс: 3-тапсырма (есеп)
Барлығы 6 кәмпит бар. Оның 2 кәмпиті тәрелкеде, қалғаны сауытта. Сауытта неше кәмпит бар?
Шарты
- Барлығы
- 6
- Тәрелкеде
- 2
- Сауытта
- ?
Шешуі
6 − 2 = 4
Жауабы
4 кәмпит
Өздік жұмыс: 4-тапсырма
4) Ой толғаныс
“Не артық?”
Берілген мысалдардың ішінен артық нұсқаны табу арқылы ой қорыту және дәлелдеу.
Логикалық есеп
Оқушылардың пайымдауын күшейтетін қысқа логикалық тапсырма.
Сәйкестендіру тесті
Ескерту: сәйкестендіруде жауаптар әдейі араластырылып беріледі.
5) Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
7 санының қосу кестесін жазу және жаттау.
Бағалау
Оқушылар бағалау парақшалары арқылы бағаланады.