Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу
7-сынып • Қазақ әдебиеті • Қысқа мерзімді жоспар
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесін оқытуға арналған сабақ жоспары оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, мәтінді түсініп оқуға және негізгі ойды жүйелі жеткізуге бағытталған.
Оқу мақсаттары
- Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге және жазбаша тілін қалыптастыруға үйрету.
- Таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жүйелі түрде жазуға дағдыландыру.
- Логикалық ойлау, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту.
Жалпы мақсат
Оқушыларды тақырыпты түсініп оқи білуге баулу, сөздік қорын дамыта отырып сабаққа қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушы мәтінді түсіне отырып өз ойын жеткізеді, сөйлемді дұрыс құрастырып, жазбаша тілде сауатты қолданады.
Педагогикалық тәсілдер мен ресурстар
Жеті модульдің қолданылуы
- АКТ
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Сыни тұрғыда ойлауға үйрету
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Миға шабуыл
- «Конверт – сұрақ»
- Жұптық әңгіме
- Топтастыру
Ресурстар
- Маркерлер, стикерлер
- Ноутбук
- A4 қағаздары
- Портреттер
Сабақ барысы (уақыт бойынша)
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты «мозайка» әдісі арқылы 2 топқа бөлу.
Білу
«Миға шабуыл» арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.
Түсіну
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасау; «жетім» сөзіне ассоциация құру.
Қолдану
- • Әңгіме кім туралы?
- • Тортайға мінездеме беріңдер.
- • Тортайдың арманы орындалды ма?
Жинақтау
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Талдау
Пікірталас ұйымдастыру.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау; бағалау парақшаларын қолдану.
Рефлексия
Стикерлерді толтыру.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Шөки Башиков атындағы негізгі мектеп КММ
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Басарова Сабижамал Рамазановна
Материал: Оралхан Бөкей, «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі бойынша жоспар.