Біреуінің қатты істейтін миы бар - демекші алғашқы кезең сәлемдесу

I кезең — Сәлемдесу

Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар, біреуінің қатты істейтін миы бар. Демек, алғашқы кезең — сәлемдесу.

1-конверт

Тарих + археология

Сұрақ

Бұл мүрде қай жылы, қайда және кім тарапынан табылды? Қандай мәлімет бере аласың? Сонымен бірге, бұл бейненің тәуелсіз Қазақстанмен байланысы қандай?

Жауап

Алтын киімді адам мүрдесін 1969 жылы Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан археолог Қ. Ақышев тапқан.

Зерттеушілердің пікірінше, ол б.з.б. V–VI ғасырларға, яғни ерте темір дәуіріне жатады. Жасы шамамен 17–18-де, бойы 165 см шамасында болған.

Сақ ханзадасының қолынан екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеу, алтын пластинкалармен безендірілген қынаптағы темір қанжар, сондай-ақ қызыл қынапты ұзын семсер табылған.

Бұл олжа сақ қоғамында өз дәуіріне сай өркениет болғанын дәлелдейді: киімінде 4 мыңнан астам алтын әшекей бар. Әшекейлерде барыс, тауешкі, арқар, ат және түрлі құстар бейнеленген.

Бүгінде Алтын киімді адам бейнесі Қазақстанның егемендігінің нышанына айналып, Республика алаңында ұлттық рухты асқақтатып тұр. Ал жауынгер бөркіндегі қанатты тұлпарлар тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасында бейнеленген.

2-конверт

Химия + тұрмыстық құрал

Сұрақ

Алғаш кімдер пайдаланған? Бұл затта қандай металл бар? Оны кім ашып, қалай атаған? Сол металл туралы не білесің?

Жауап

Термометрдің ішінде сынап металы қолданылады. Оны алғаш қытайлар мен үнділер пайдаланғаны айтылады.

Грек дәрігері Диоскорид бұл затты “hydor” (су) және “argyros” (күміс) сөздерінен шығарып, “сұйық күміс” деп атаған.

  • Сынап — сұйық металл.
  • Балқу температурасы шамамен −38,8°C.
  • Балқу температурасының төмен болуына байланысты термометрлерде қолданылған.

3-конверт — Сиқырлы сандықша

Тіршілік негізі

Сұрақ

Сандықшаның ішінде тіршілікке қажетті ең керемет зат бар. Ол не деп ойлайсың? Ол туралы не білесің?

Жауап

Ең керемет зат — су. Формуласы: H2O. Кристалдық торы — молекулалық.

  • Қайнау температурасы: 100°C
  • Қату температурасы: 0°C
  • Тығыздығы (шамамен): 1 г/см³

Жер шарының шамамен 71%-ын су алып жатыр. Адам ағзасында су мөлшері орта есеппен 65–70%, ал мида — шамамен 81%.

Су — әмбебап еріткіш. Адам тағамсыз 30–40 күн шыдаса, сусыз бар болғаны 3 күн ғана шыдайды.

Қорытынды ой

Бұл викторина оқушылардың білімін ғана емес, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлауын және командамен жұмыс істеу дағдысын да дамытады. Негізгі идея — білімді тыңдап, үйреніп, оны іске асыру.