Шығыстың шынарлары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Шығыстың шынарлары»

Сабақ типі

Аралас сабақ

Мақсаты

  • Мәтін мазмұнын жүйелі әңгімелеуге үйрету.
  • Өз пікірін айтуға, адамдарға мінездеме беруге дағдыландыру.
  • Қиял арқылы мәтінді жалғастырып жазуға жетелеу.
  • Зейін мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Суреттер, плакаттар

Әдіс-тәсілдер

Ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Сынып 6 топқа бөлініп отырады. Сабақ эмоционалдық дайындықпен басталады:

Сәлем, Күн!
Сәлем, достым!
Сәлем, ұстаз!
Сәтті болсын жұмысымыз!

2) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Авторы кім?
  • Мәншүк туралы не білеміз?
  • Оқиға қай соғыс кезінде болды?

1-топ

Мәтін мазмұнын айтады.

2-топ

Сұрақ қояды.

3-топ

Диалогты сахналайды.

4-топ

Өлең оқиды.

5-топ

Мәншүкке мінездеме береді.

6-топ

Түйіндейді.

Қосымша мәлімет

1943 жылы Невель қаласын қайтару үшін болған қиян-кескі шайқаста, 15 қазанда Мәншүк Мәметова қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

3) Релаксация: қиялмен сергіту

Шұғылалы күннің шапағы қызу. Ол сәулесімен жер бетін жылытып тұр.

Құстар сайрап, көбелектер қалықтайды. Әсем гүлдер мен өсімдіктер жайқалып өсіп тұр.

Балалар, сездіңдер ме? Жаңбыр тамшылай бастады. Жып-жылы жаңбыр себелеп тұр.

Жауын астында ойнау қандай тамаша! Тамшылар да тоқтады — өткінші жаңбыр екен.

Қараңдаршы, кемпірқосақ! Түстері қандай әдемі!

Кемпірқосақта бір түс жетіспейді. Сол түсті өздерің бояңдар. Бұл сендердің алдағы жұмысқа дайындығыңды және көңіл күйіңді көрсетеді.

Енді ашық аспанмен, жасыл даламен, туған жердің құшағымен, тамылжыған жазбен және кемпірқосақпен қоштасайық. Бізге мектепке оралу керек.

Өту сұрағы

Балалар, қандай түсті таңдадыңдар? Неліктен?

4) Сөзжұмбақ арқылы шоғырлану

Жайбарақат күйден еңбек ырғағына көшу үшін сөзжұмбақ шешіледі:

  1. Бүгін айтқан батыр қызымыздың фамилиясы?
  2. Ұлы Отан соғысының майдангері, қолбасшы?
  3. Майдангер жазушы, «Тау қыраны» шығармасының авторы?
  4. Осы шығармадағы генерал, дивизия командирі?

Жаңа тақырып: «Шығыстың қос шынары»

Бүгін біз «Шығыстың қос шынары» атанған тағы бір батыр қыз — Әлия туралы әңгімелейміз.

Әлия туралы дерек

  • 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.
  • Әкесі — Нұрмұханбет, анасы — Маржан.
  • Ерте жетім қалып, нағашысы Әубәкірдің қолында болған.
  • Ленинградтағы балалар үйінде тәрбиеленген.

Оқылатын шығарма

Әзиза Нұрмаханованың шығармасы Әлияның балалық шағынан сыр шертеді.

Ұран:

«Өзім оқимын, сені де оқытамын»

«Алты қалпақ» стратегиясы

Мәтінді талдауда Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» стратегиясы қолданылады. Әр қалпақ — ойлаудың жеке бағыты.

Ақ қалпақ

Мазмұнын әңгімелейді.

Сары қалпақ

Жағымды тұстарын айтады.

Қара қалпақ

Қайшылықтарды талдайды: неге «4» деген баға қойылды?

Қызыл қалпақ

Адамдардың сезімі мен көңіл күйін сипаттайды. Әлияға мінездеме береді.

Жасыл қалпақ

Мәтінді өз қиялымен жалғастырады.

Көк қалпақ

Мақал-мәтелмен түйіндейді.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары «Шығыстың қос шынарының» маңдайына тағылған жұлдызшалар арқылы бағаланады.

Еске алу және қорытынды

Еске алу минуты

Мәңгілік отқа тағзым жасап, батыр қыздарды бір минут үнсіздікпен еске алу.

Сабақты қорытындылау

Оқушылар жұлдызшаларын санап, өз пікірін айтады. Мұғалім сабақ нәтижесін жинақтап қорытындылайды.