Көшеде сақ бол

Көшеде сақ бол!

Мақсаты

  • Оқушылардың жол ережелері туралы білімін кеңейту; жол белгілерін және олардың топтарын ажырата білуге үйрету.
  • Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру; көше ережесіне қатысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін маңызды екенін түсіндіру.
  • Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру; әдептілікке және өзара достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Жол белгілері Жол таңбалары Бағдаршам Суреттер

Бұл материал оқушыларға жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты нақты мысалдар арқылы түсіндіруге және ережені күнделікті әдетке айналдыруға бағытталған.

Негізгі ой

Қалада да, ауылда да көлік қозғалысы жыл сайын күшейіп келеді. Көше кеңейген сайын жаяу жүргіншілер де, жүргізушілер де көбейеді. Сондықтан жол ережелерін, әсіресе мектеп оқушылары, жақсы біліп, қатаң сақтауы қажет.

Есте сақта: Үйде ата-ана ескертеді, көшеде тәртіпті бағдаршам мен полиция қадағалайды. Ал ең маңыздысы — сенің өз жауапкершілігің.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер көбейіп, онда жүйткіген автокөліктер саны артып келеді. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жүрген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер де көбейетіні анық.

Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде автокөліктің түр-түрі еселеп өсуде. Бұл жағдай жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де, әсіресе мектеп оқушыларының, жол ережесін терең меңгеріп, оны бұлжытпай орындауын талап етеді.

Көшедегі тәртіп туралы үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында полиция қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер жол ережесін жақсы біліп, оны орындауға және сақтауға тиіссіңдер.

Жас инспекторлардың үндеуі

4-сынып оқушылары:
Армысыздар, асыл достарым,
Бүгінгі күн есте сақталсын.
Мектебімізге келіп отырмыз,
Жас инспекторлардан жалынды сәлем! (3 рет)

1-оқушы

Алға ұмтылма ентелеп, Машинадан қаш, мына! Түсіп кетпе асығып, Дөңгелектің астына!

2-оқушы

Айнала қауіп бар — ойла, Жан-жағына қарайла! Сырғанасаң көшеде, Машина жолын абайла!

3-оқушы

Асықпаңдар, балалар, Үлкен жолға келгенде. Жан-жағына қарап ал! Деме: «Бізді кім елер? Машина жоқ па? Жүре бер!»

4-оқушы

Ештеңе жоқ алаңдар, Өте берер адамдар. Жол шетінде тұратын, Жол белгісіне қараңдар!

5-оқушы

Жарысып-ақ кетер ек, Машиналар өте көп. Жолдан өтем асықпай, Велосипед жетелеп.

6-оқушы

Жол — көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» деп ойлама, Жолда футбол ойнама!

7-оқушы

Ата-ананың сенімін, Есте ұстап, ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың Ережесін сақтай біл!

8-оқушы

Айнала қауіп бар — ойла, Жан-жағына қарайла! Сырғанасаң көшеде, Машина жолын абайла!

9-оқушы

Арманға алдан күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Бәрі бірге

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп. Ол ортақ: үлкен-кіші баршамызға!

Хор: ән

«Атамекен» әуенімен

Көшеде біз сақ болайық, жас достар, Қаймықпасын ата-анамыз біз үшін. Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым, Жас ұландар атына сай болайық.