Сайысымыздың шарттары
Фонетикалық кешенді талдау
Бұл сабақ фонетика бойынша білімді жүйелеуге, теорияны практикамен ұштастыруға және оқушылардың сауаттылығын ойын элементтері арқылы дамытуға бағытталған сайыс форматында ұйымдастырылады.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: фонетикадан алған білімді нығайту, тиянақтау, жүйелеу, қорытындылау; теорияны практикамен байланыстыру.
- Дамытушылық: ойын түрлері арқылы тапқырлық пен ізденімпаздықты қалыптастыру; шығармашылыққа баулу; өз ойын нақты жеткізу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Түрі
- Сайыс сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ізденушілік, шығармашылық
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
Көрнекілік
Интерактивті тақта (тапсырмалар, мәтіндер, тест және нәтижелерді көрсету үшін).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сыныптың дайындығын қадағалау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығу жұмысы тексеріледі, қиындық тудырған тұстарға қысқаша түсіндірме беріледі.
III. Сайыс сабағы
Бүгінгі фонетикалық кешенді талдау сабағы сайыс түрінде өтеді. Сайысқа екі топ қатысады. Әр бөлімде ұпай жинау арқылы топтың нәтижесі анықталады.
1) Эстафеталық сайыс
Әр қатардың бір оқушысына эстафеталық сұрақ беріледі. Әр оқушы тек бір жауап айтып, кезекті келесі оқушыға береді. Осылайша, қатардағы әр оқушы бір сұраққа жауап береді.
1-қатар сұрақтары
- Фонетика нені зерттейді?
- Буын үндестігі дегеніміз не?
- Кейінгі ықпал дегеніміз не?
- Қандай сөздер бөлек жазылады?
- Ерін үндестігі дегеніміз не?
2-қатар сұрақтары
- Бейімдестік заңы дегеніміз не?
- Буын және оның түрлері қандай?
- Қандай сөздер бөлек жазылады?
- Орфография мен орфоэпия ережелерін мысалмен түсіндіріңіз.
- Үндестік заңы дегеніміз не?
2) «Сауаттылықты ашатын хаттар»
«XXI ғасыр жастарының қоғамдағы орны» тақырыбында ой-толғау жазылады. Жазылған мәтіндер топ ішінде талқыланып, әр топ «автор орындығына» бір оқушыны шығарып, ең үздік жұмысты оқытады.
Галерея бөлімі: ең сауатты, көркем әрі үздік мәтін тақтаға ілінеді.
3) Жарыс ойыны: фонетикалық талдау
1-қатарға «заңдастырылған», 2-қатарға «мемлекеттердің» сөздеріне фонетикалық талдау жасау тапсырмасы беріледі.
Мысал: «заңдастырылған» сөзінің дыбыстық талдауы
| Әріп | Сипаттамасы |
|---|---|
| З | дауыссыз, ұяң, тіл алды |
| А | дауысты, жуан, ашық, езулік |
| Ң | дауыссыз, үнді |
| Д | дауыссыз, ұяң, тіл алды |
| А | дауысты, жуан, ашық, езулік |
| С | дауыссыз, қатаң, тіл алды |
| Т | дауыссыз, қатаң, тіл алды |
| Ы | дауысты, жуан, қысаң, езулік |
| Р | дауыссыз, үнді, тіл алды |
| Ы | дауысты, жуан, қысаң, езулік |
| Л | дауыссыз, үнді, тіл алды |
| Ғ | дауыссыз, ұяң, тіл арты |
| А | дауысты, жуан, ашық, езулік |
| Н | дауыссыз, үнді, тіл алды |
4) «Қыз қуу» ойыны
1-қатардан қыз бала, 2-қатардан ұл бала шығады. Қыз бала бір ережені бастап айтады, ұл бала сол жерден жалғастырады. Кідіріп қалған оқушы жеңілген болып саналады.
Бастама мәтін (үлгі)
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Тілде 12 дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбыстардың жасалуына, сөйлеу мүшелерінің қатысуына қарай дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар...
5) «Сіз білесіз бе?» тесті
Бұл бөлімде фонетика бойынша білімді бекітуге арналған тест тапсырмалары орындалады.
Тест сұрақтары
-
Буынға бөлінбейтін сөз қатарын белгілеңіз.
- а) күн, ақ, ант
- ә) Астана, кереге
- б) оқшантай, қант
-
Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
- а) терістік, алқызыл
- ә) жаңбырлы, білезік
- б) түйетабан, мұғалім
-
Қанша дауысты дыбыс бар?
- а) 12
- ә) 15
- б) 11
Жалғасы
-
Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы:
- а) морфология
- ә) синтаксис
- б) фонетика
-
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
- а) жуан, жіңішке
- ә) еріндік, езулік
- б) ашық, қысаң
-
П қандай дыбыс?
- а) ұяң
- ә) еріндік
- б) қатаң
IV. Үй тапсырмасы
Журналдан өзіңізге ұнаған бір мәтінді оқып, ішінен 5 сөзге фонетикалық кешенді талдау жасаңыз.
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.