Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойып отырсыңдар

SMART мақсат

Негізгі мақсат

Сабақ барысында тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазуға, қысқа әңгіме құрауға жаттықтыру.

  • Тұрақты тіркесті еркін тіркестен ажырата білуге үйрету.
  • Ауызекі сөйлеуде тұрақты сөз тіркестерін орынды қолдануға дағдыландыру.
  • Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер
  • Диалог, әңгімелесу
  • Топтық жұмыс
  • Венн диаграммасы
  • Сыни ойлау
Көрнекіліктер
  • Интерактивті тақта
  • Магнитті тақта
  • Постерлер
  • Қима қағаздар

Сабақ құрылымы оқушыны қызықтырып, негізгі ұғымдарды тәжірибе арқылы бекітуге бағытталған.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Кіріспе кезең

Желмен жарысып, желтоқсанның 7-жұлдызы да жетті. Сәрсенбінің сәтімен өтетін ашық сабағымызға сәттілік тілейміз.

А) Топқа бөліну

Ортаға Ералы, Инабат, Әмина Ш., Ақбота шақырылады. Әрқайсысы өз тобына команда жинайды.

1-топ
Бірлік
2-топ
Ынтымақ
3-топ
Достық
4-топ
Татулық
Талқылау сұрақтары
  • Осы сөздерді естігенде қандай ассоциация туады?
  • Неліктен топ атаулары осылай таңдалды?
  • Топ атауларына дыбыстық талдау жасау.
Нұсқау: Егемендік пен тәуелсіздіктің 25 жылдығы, синоним ұғымы, «Нұрлы жол» идеясы аясында байланыстыру.

Ә) Топ ережесі

Бір оқушы топ ережесін дауыстап оқиды, барлығы келісім білдіреді.

  1. 1Бір-бірін тыңдау
  2. 2Уақытты тиімді пайдалану
  3. 3Кезекпен сөйлеу
  4. 4Тыныштық сақтау
  5. 5Белсенді қатысу

Б) Мотивация

«Маша мен Аю» мультфильмінен қысқа үзінді көрсетіледі. Оқушылар көргенін талдап, сабақ мақсатына өздері келеді.

Талқылау сұрақтары
  • Маша неліктен ойнай алмады?
  • Кейін қалай ойнап кетті?
  • Қандай қорытынды жасауға болады?
  • Бұл видеоны не үшін көрдік?
Сабақ мақсатына шығу
  • Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
  • Ашық сабақтан қандай нәтиже күтесіңдер?

Қорытынды: Оқушылар сабақ мақсатын өздері тұжырымдап айтады.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Кеше сабақ болмағандықтан, үй тапсырмасы қашықтан оқыту арқылы берілді.

Берілген тапсырма

23-жаттығу (91-бет): берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Қас пен көздің арасында
тез, лезде
Тайға таңба басқандай
анық, айқын
Мойны жар бермеді
жалқау, еріншек
Тұрақты тіркес екенін қалай дәлелдейміз?
  • 1 Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына береді.
  • 2 Ойды көркем әрі әсерлі жеткізеді.
  • 3 Құрамындағы сөздерді еркін алмастырып, басқа сөздермен ауыстыруға болмайды.

II. Мағынаны тану

Негізгі бөлім
Тақырыпты жариялау
Акварель бояу арқылы

Бүгінгі тақырып — тұрақты сөз тіркестері. Бұл ұғымды фразеологизм деп те атайды. (2 сағаттық бөлім)

1-тапсырма

Венн диаграммасы

Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, Венн диаграммасы арқылы көрсету.

Еркін тіркес
  • Мағынасы құрамындағы сөздерге тікелей байланысты.
  • Сөздерді алмастыруға, түрлендіруге болады.
Ортақ белгілер
  • Екеуі де бірнеше сөзден құралады.
  • Сөйлем ішінде ойды білдіруге қызмет етеді.
Тұрақты тіркес
  • Тұтас бір мағына береді.
  • Көркемдік, әсерлілік қосады.
  • Құрамындағы сөздерді еркін ауыстыруға келмейді.

Қажет болса, тұрақты сөз тіркестері бойынша қосымша материалдар жүктеліп, топтарға үлестіріледі.