Сөзжұмбақ шешу Шахтер сөзжұмбағын шешу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Сауат ашу және жазу

Тақырыбы

Ё дыбысы мен әрпі

Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру бөлімімен байланыстырылып жүргізіледі.

Мақсаты

  • Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
  • Сөздерді буынға дұрыс бөлу дағдысын қалыптастыру.
  • Сурет арқылы заттың атауын анықтау, ойлау қабілетін дамыту.
  • Жазуға қолды жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Қостілді құрам

  • шырша елка
  • шахтер шахтер
  • кірпі ёжик

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

2) Жұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

Қысы-жазы бір түсте. Ол не?

Жауабы: шырша

Сұрақ: «Шырша» сөзін орысша қалай айтамыз?

Жауап: Елка.

3) Дыбыспен жұмыс: Е және Ё

Е дыбысы

Е — дауысты дыбыс.

Ё әрпі

Ё екі дыбыстан тұрады: Й + О = Ё. Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

Тапсырма: «Елка» сөзінің бірінші дыбысын атау.

Келесі қадам: «Елка» сөзіне дыбыстық талдау жасау және буынға бөлу.

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,

Елкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетінен шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.

4) Сөзжұмбақ: «Шахтер»

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақты шешу ұсынылады.

  1. 1) Киіз үйдің сүйегі

    Шаңырақ

  2. 2) Қыздардың мойынға тағатын әшекей бұйымы

    Алқа

  3. 3) Қағазға жазылатын ақпараттық құрал

    Хат

  4. 4) Күн жылы кезде киетін ұлттық бас киім

    Тақия

  5. 5) «Шырша» сөзінің орысшасы

    Елка

  6. 6) Сөйлейтін ақпараттық құрал

    Радио

Дәптермен жұмыс

Дыбыстық талдау

«Шахтер», «монтер» сөздеріне дыбыстық талдау жасалып, е дыбысының орнын (сөз басында/ортасында) ажырату тапсырылады.

Сөз құрастыру және оқу

Дәптердегі буындардан сөз құрастырып оқыту.

Жазу дағдысы

  • Тәрбиеші е дыбысын ауада жазып көрсетеді.
  • Балалар дыбысты ауада қайталап жазады.
  • Дәптердегі үлгі бойынша е әрпінің кіші және бас нұсқасын бастырып жазады.

Дидактикалық ойын

«Мен бастаймын, сен аяқта»

Ойын шарты: тәрбиеші сөзді айтады, балалар сөйлемді аяқтайды.

Тәрбиеші

«Шахтер…»

Балалар

«Шахтер көмір қазады.»

«Шахтер темір қалпақ киеді.»

Ойын осылай жалғастырылады.

Шығармашылық тапсырма

Елканың суретін бояу ұсынылады.

Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • Е дыбысы қандай дыбыс?
  • Қандай текшемен белгіледік?
  • Е дыбысы қандай дыбыс екен?

Бағалау

Балалардың белсенділігі атап өтіліп, мадақталады.