Пікір алысу орталығы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Матадан гүл дайындау технологиясы
- Сабақтың түрі
- Тренинг сабақ
- Сабақтың мақсаты
- Ойды тұжырымдай білуге, ізденіске баулуға, өз пікірін еркін айтуға үйрету; қолөнер шеберлігін сөз өнерімен ұштастыра отырып білім мен қабілеттерді дамыту; әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Қажетті құрал-жабдықтар
- Үлгі
- Тігін машинасы
Әдісі және байланысы
- Әдісі: түсіндіру, көрсету, сарамандық жұмыс
- Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, эстетика
Сабақтың жоспары
-
I
Еңбек орталығы
Үй тапсырмасын тексеру және дайындық.
-
II
Пікір алысу орталығы
Сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.
-
III
Ойлау орталығы
Басқатырғыш арқылы ұғымдарды бекіту.
-
IV
Ғылым орталығы
Қауіпсіздік және графикалық диктант.
-
V
Өнер орталығы
Технологиялық картамен жұмыс: матадан гүл құрастыру.
Сабақтың барысы
I. Еңбек орталығы
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Бисерден жасалған гүлдерді көрсету.
- Технологиялық картаны еске түсіру.
II. Пікір алысу орталығы
Сұрақ-жауап:
- Бисер қай жерде және қалай пайда болды?
- Ұсақ моншақтар туралы қосымша мәліметті кім толықтырады?
- Моншақтардың түрлерін атаңыз.
- Әйнектен жасалған моншақтар қай ғасырда табылған?
III. Ойлау орталығы
1–2
Бисердің түрлері
3–4
Қажетті құралдар
5–7
Шығу тарихы
Тапсырма: басқатырғыш арқылы ұғымдарды сәйкестендіріп, талқылау.
IV. Ғылым орталығы
Қауіпсіздік ережелері
- Қайшыны ұшын алға қаратып, кісіге сабынан ұсынамыз.
- Инені киімге қадамаймыз; инеқапта сақтаймыз.
- Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
- Жұмыс орны жеткілікті жарықтандырылған болуы керек.
- Үстел бетінде тек қажетті құралдар мен орындалып жатқан бұйым ғана болуы тиіс.
Графикалық диктант
- Қайшының ұшын кісіге ұсынамыз.
- Инені киімге қадаймыз.
- Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
- Жұмыс орнына жарық түспеуі керек.
- Үстел бетінде тек қана тігілген бұйым болуы тиіс.
Жауабы
1, 2, 3, 4, 5
V. Өнер орталығы
Технологиялық картамен жұмыс: матадан гүлді кезең-кезеңімен құрастыру.
| Қажетті құралдар | Жасалу жолдары |
|---|---|
| Мата, қағаз үлгісі, қайшы | Матадан 2 бөлшек қиып алып, бір-біріне беттестіреміз. |
| Ине, жіп, қайшы | Екі бөлшекті біріктіріп тігеміз. |
| Қалам (немесе қарындаш/ағаш өзек), желім, мата | Матаны ені 2–3 см, ұзындығы 16–17 см етіп қиып аламыз. |
| Желім, қылқалам | Матаның шетіне желім жағып, қаламды матамен орай отырып жапсырамыз. |
| Желім | Гүлді қаламның (өзектің) басына орап, желіммен бекітеміз. |
| Жасыл мата, қағаз, қайшы | Қағаздан жапырақ үлгісін жасап, матаның бетіне түсіріп, сызып, қиып аламыз. |
| Желім | Жапырақты сабағына желімнің көмегімен жапсырамыз. |
Сабақты бекіту
- 1 Гүл жасауға қандай құралдар қажет?
- 2 Матадан гүл қалай жасалады?
- 3 Матамен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерін орындаймыз?
Үй тапсырмасы
Жұмысты үйде жалғастыру.