Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсіндіру. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуын және тұлғалық белгілерін дәлелдей алуына жағдай жасау; мысал келтіре отырып, талдау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды тіл мәдениетін терең меңгеруге, зейінді әрі ұшқыр болуға, адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері
- Оқу
- Сұрақ-жауап
- Ішінара ізденіс
- Талдау
- Жинақтау
Көрнекіліктер
- Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары көрсетілген кесте
- Слайд
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды жаңа тақырыпқа бағыттау.
2) Білімді жан-жақты тексеру
Өткен тақырып бойынша білімді анықтау және жүйелеу.
Сұрақтар:
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Түрлерін ата.
- Жасалу жолдары қандай?
- Мысал келтір.