Жазуды жалғастыра жазу

Сабақтың тақырыбы

Рр дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Талдау – жинақтау

Көрнекіліктер

  • Кеспе әріптер
  • Суреттер
  • Буындық сөздер

Негізгі мақсат

Оқушыларды Рр дыбысы мен әрпімен таныстыру, оқуға және жазуға үйрету, тілін дамыту және сауаттылыққа баулу.

Сабақтың мақсаттары

1) Танымдық мақсат

Рр дыбысы мен әрпін танытып, берілген сөздерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсат

Р дыбысы бар сөздер арқылы оқушының тілін, білімін дамыту; буындық және дыбыстық талдау жасату.

3) Тәрбиелік мақсат

Сауаттылыққа, ұқыпты жазуға және тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен материалды қысқаша қайталау, оқушылардың орындаған тапсырмаларын талдау.

3) Жаңа сабақ: дыбысты таныту

Мысық пен күшік суреті бойынша түсіндірме жұмыс жүргізіледі.

Сұрақ-жауап

  • «Мысық не істейді?»
  • «Күшік не істейді?» (күшік ырылдайды)

Дыбысты ажырату

Барлығы хормен айтады: «ыр, ыр, ыр». Созып айтуға келмейтіні анықталады, демек бұл — Рр дыбысы, дауыссыз дыбыс.

4) Әріппен таныстыру: баспа және жазба түрі

  • Рр әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
  • Жазу дәптеріндегі үлгіні салыстырып, жазба түрінің элементтерін көрсету.
  • Ауада жазу жаттығуы.
  • Тақтаға жазу арқылы бекіту.

5) Сергіту сәті: көрнекілікпен тапсырма

Арпа, радио, робот суреттері бойынша берілген тапсырма «Тапқышбек тәсілімен» орындалады.

6) Сөздермен жұмыс: дыбыстың орны

Тақтаға суреттер ілінеді. Оқушылар суреттердің атауын айтады: радио, ара, нар.

Қорытынды: р дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі.

7) Сөйлем құрату: сөздік қорды молайту

Мысал 1

Ара — жәндік.

Мысал 2

Ара — сайман.

Оқушыларды сөйлем құрауға жүйелі түрде машықтандыру арқылы тілін дамыту.

8) Дәптермен жұмыс

  1. 1 Сөйлемдердің сызбасын жазу.
  2. 2 Р әрпінің жазу элементтерімен таныстырып, әріпті үзбей жазуға машықтандыру.

9) Сергіту жаттығуы және жазуды жалғастыру

Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әдемі,
Былай-былай ойнағын.

Жазу үлгілері

Рр, ар, ара

10) Буындық талдау

Сөзден дауысты дыбысты тапқызу арқылы сөздің буынға бөлінетінін пысықтау.

Шор-тан ар-ба тыр-на

11) Суреттермен жұмыс

Суреттер бойынша сөздерді атау, Р дыбысының айтылуын анық әрі дұрыс дыбыстауға көңіл бөлу.

12) Логикалық тапсырма

Қай сөзде р әрпі кездесетінін табу.

аю орындық

13) Буындық диктант

Оқушылар буындарды тыңдап, дәптерге жазады:

ар, ор, ра, ро, ара, ора

14) Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрақтары

  • Қандай жаңа дыбыспен таныстық?
  • Р дыбысы қандай дыбыс?
  • Р дыбысы бар сөздерге мысал келтір.
  • Р дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Негізгі түйін

Оқушылар Рр дыбысы мен әрпін танып, оны сөз құрамынан табуды, буынға бөлуді, сөйлем құрауды және жазуда дұрыс қолдануды бекітеді.

15) Үй тапсырмасы

Р дыбысы бар сөздерді қатыстырып, қысқа сөйлемдер құрау және дәптерде Рр әрпін көркем жазу үлгісімен қайталау.

16) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жазу жұмысы ескеріліп, жетістігі атап өтіледі; мадақтау арқылы бағаланады.