Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

Сабақ тақырыбы

Қасиетті Түркістан

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ әдебиеті

Әдіс-тәсілдер

Мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс

Көрнекіліктер

ҚР картасы, интерактивті тақта, компьютер, суреттер, кітаптар

Сабақ мақсаты

Білімділік

Түркістан қаласы туралы жан-жақты мәлімет беру, білім қорын кеңейту, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу және пысықтауыштың жасалу жолдары бойынша алған білімді жинақтау.

Дамытушылық

Оқушыларға қазақ тілін үйренуде дұрыс бағыт-бағдар беру, өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанын сүюге, тарихымызды сақтауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау, топқа бөлу.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  • Әріптердің орналасу реті бойынша оқушыларды есімдерінің алғашқы әрпімен тұрғызып, үш топқа бөлу.
  • Өткен тақырыптар бойынша қысқаша қайталау.

II. Ойын: «Грамматикаға саяхат»

Сөзжұмбақ арқылы қайталау

  1. 1) Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.

    Жауабы: Тұрлаусыз

  2. 2) Пысықтауыш болатын сөз табы.

    Жауабы: Үстеу

  3. 3) Сөйлем құрауға негіз болатын мүше.

    Жауабы: Тұрлаулы

  4. 4) Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіретін пысықтауыш түрі.

    Жауабы: Мекен

  5. 5) Сын-қимыл пысықтауыш сұрағы.

    Жауабы: Қайтіп?

  6. 6) «Неге?», «не үшін?», «неліктен?» сұрақтарына жауап беретін пысықтауыш түрі.

    Жауабы: Себеп–салдар

  7. 7) «Ол әдейі келді.» Сөйлемдегі пысықтауыш түрі.

    Жауабы: Мақсат

  8. 8) Пысықтауыш құрылысына қарай қалай бөлінеді?

    Жауабы: Дара, күрделі

  9. 9) Пысықтауыш нені негізге алып беске бөлінеді?

    Жауабы: Мағынасына

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Қасиетті Түркістан». «Түркістан» сөзі бойынша сөздік жұмыс жүргізіледі.

Ассоциация

«Түркістан туралы не білеміз?» тақырыбында ой жинақтау.

I. Қызығушылық ояту

Тақырыпқа бағыттайтын сұрақтар арқылы оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру.

II. Мағынаны ашу (INSERT)

Мәтінмен жұмыс: оқушылар мәтінді оқып, белгі қояды — V (білемін), + (жаңа ақпарат).

III. Рефлексия

Қойылған белгілерге сүйене отырып, жаңа ақпаратты қызыл белгімен (ерекшелеу арқылы) жазып шығу.

IV. Жаңа сөздер

  • Жаңа сөздерді дауыстап оқу.
  • Кейбір сөздерге синоним табу.
  • Сөз тіркестерін құрастыру.

V. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

Үш топқа үш абзац беріліп, әр топ өз бөлімі бойынша сұрақтар дайындайды.

VI. Тапсырма 4.41

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мәндес сөздермен түсіндіру.

VII. Тапсырма 4.45

«Қашан?», «қайда?», «қалай?», «қай кезде?» сұрақтарына жауап беретін мысалдар келтіру.

VIII. Тапсырма 4.46

Өздерің тұратын өңірдегі тарихи орындар туралы әңгімелеу.

VI. Бекіту

«Синквейн» әдісі: мәтіннен бір сөз таңдап, бес жолды өлең құрастыру.

1-жол

Кім? Не? — 1 сөз

2-жол

Қандай? — 2 сөз

3-жол

Не істейді? — 3 сөз

4-жол

Сөйлем

5-жол

Синоним

VII. Үй тапсырмасы

«Түркістан — тарихи қала» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық жұмысқа үлесі, мәтінмен жұмыс нәтижесі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау.