Оқушылармен сәлемдесу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тақырып
Буын түрлері
Сабақтың типі
Аралас
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау
Көрнекілік / Пәнаралық байланыс
Тақырыпқа байланысты кесте. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға буын және оның түрлері туралы жалпы мәлімет беру; ашық, тұйық, бітеу буындарды жаттығулар мен тапсырмалар арқылы меңгерту.

Тәрбиелік

Оқушыларды еңбекқорлыққа, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Лингвистикалық дүниетанымды кеңейту; фонетикалық талдау жасау дағдыларын жетілдіру; пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Буын туралы түсінікті қайталау.
  2. 299, 300, 301-жаттығулар.

III. Жаңа сабақ: буын түрлері

Буын жеке дауысты дыбыстан немесе дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалады. Сондықтан оның құрамы біркелкі болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

1) Ашық буын

Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буын ашық буын деп аталады: а-ға, ба-ла, қа-ла.

Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан тұратын түрі жалаң буын деп аталады: а-дам, а-та.

2) Тұйық буын

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын тұйық буын деп аталады: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант.

Тұйық буынға жалаң буын қосылғанда, буын жігі өзгеруі мүмкін: өрт+і → өр-ті, оқ+ы → о-ғы, еп+і → е-бі, ек+ін → е-гін.

3) Бітеу буын

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын (дауысты дыбыс ортасында келетін) буын бітеу буын деп аталады: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына жеке сөз болуы өте сирек.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1) Талдау жұмысы

Әр оқушы өз туған мекенінің атауына фонетикалық талдау жасайды.

Үлгі: Ал — тұйық буын; ма — ашық буын; ты — ашық буын.

  • а — дауысты, жуан, ашық, езулік.
  • л — дауыссыз, үнді, ауыз жолды.
  • м — дауыссыз, үнді, мұрын жолды.
  • т — дауыссыз, қатаң.
  • ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік.

2) Мәтінмен жұмыс

Аулада ойнап жүр едік, екі атты адам бір үйір түйені қуалай айдап, мал қораға кіргізді. Қызық көріп, қасына бардық. Түйелердің ішінде менің назарымды аудартқаны — боталы ақ інген. Інгеннің өзіне айнымай ұқсаған, сүттей аппақ кішкене ботасы бар.

Шудасы ақ жібектей желкілдеп, тұла бойын басқан аппақ ұлпа жүндері мақтадай үлбіреп тұр. Қап-қара мойылдай дөңгелек үлкен көздері жәудіреп, еріксіз қызықтырады.

Әжемнің «Ой, ақ ботам!» деп мені аймалайтыны есіме түсіп, мен де әжеме дәл осындай әдемі көрінем бе екен деп ойладым. Түйелерден сескенгендіктен, ұмтыла жүгіріп баруға батылым жетпей тұр еді.

Ақ бота маған жақындап келіп, менің өзіндей бала екенімді сезді ме, әйтеуір, мойнын созып, мені иіскеледі. Сол сәттен бастап мен ақ ботаға бауыр басып кеттім.

Т. Әубәкіров

3) Семантикалық картамен жұмыс

«Фонетика» тарауын қайталау: дауыстыларды тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай жіктеу.

Әріптер Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
А, Ә, Е, И, О, Ө, Ұ, Ү, У, Ы, І, Э жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік

V. Үй тапсырмасы

  1. «Фонетика» тарауын қайталау.
  2. 309-жаттығу.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырма орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

VII. Сабақтың аяқталуы

Қорытындылау, кері байланыс, келесі сабаққа бағыт беру.