Мақсат пысықтауыш

Қазақ тілі • 8-сынып

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Бұл сабақта пысықтауыш туралы түсінік беріліп, тұрлаусыз мүшелер жөніндегі білім пысықталады. Оқушылар мысалдар арқылы дәлелдеп, пысықтауыштың жасалу жолдарын өз бетінше ажыратуға дағдыланады.

Мұғалім

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кайракбаева Алмагүл Базарбаевна

Сабақ түрі

Түрлендірілген аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Пысықтауыш туралы мағлұмат беру.
  • Тұрлаусыз мүшелер жөніндегі білімді пысықтау.
  • Мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Алған білімді кеңейтіп, жаңа дағды қалыптастыру.
  • Пысықтауыштың жасалу жолдарын өз бетінше ажыратуға дағдыландыру.
  • Есте сақтау, ойлану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
  • Жылдамдыққа, тілдік-эстетикалық сезімге баулу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: семантикалық карта, INSERT кестесі

Көрнекілік

  • Кеспе қағаздар
  • Плакат
  • Ребус
  • Сызбалар, буклет

Жаңа сабақ: пысықтауыш деген не?

Пысықтауыш — етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, амал-қимыл, себеп, мақсат, мөлшер жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Мысал

Ол үйге жүгіріп кірді.

Сұрақтары

Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен?

Байланысу түрлері

Меңгеру, жанасу және қабысу

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

1) Мезгіл пысықтауыш

Сұрақтары: Қашан? Қай кезде? Қай уақытта?

  • Ол бүгін келеді.
  • Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.

2) Мекен пысықтауыш

Сұрақтары: Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?

  • Әжесі үйде қалды.
  • Қайсар биыл мектепке барады.
  • Біз қала маңынан келдік.

3) Мақсат пысықтауыш

Сұрақтары: Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

  • Сәуле зат алғалы келді.
  • Ол әдейі кірді.
  • Мен осыны айту үшін сөйлестім.

4) Амал пысықтауыш

Сұрақтары: Қалай? Қайтіп? Қалайша?

  • Жиналыста шапшаң сөйледі.
  • Бала жүгіре-жүгіре шаршады.
  • Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-сылқ күлді.

5) Себеп пысықтауыш

Сұрақтары: Неліктен? Не себептен?

  • Сен түсінбегендіктен, айта алмадық.
  • Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

6) Мөлшер пысықтауыш

Сұрақтары: Қанша? Қаншалық? Қалай?

  • Сабақта ұзақ сөйледі.
  • Емтиханға жаппай кірді.
  • Тақтайды ұзын кес.

52-жаттығу

Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.

Сын есім (анықтауыш)

  • Ол — жақсы адам.
  • Күші жағынан арыстандай кісі.
  • Қисық мінезі бар.

Үстеу / амал мәні (пысықтауыш)

  • Ол жақсы сөйлейді.
  • Қобыланды батыр арыстандай ақырды.
  • Көйлекті қисық пішті.

Қосымша тапсырма

Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз.

Бекіту және қолдану тапсырмалары

  1. 4 Венн диаграммасы: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді салыстыру.
  2. 5 Семантикалық карта толтыру.
  3. 6 Ребус шешіп, синтаксистік талдау жасау.
  4. 7 «Сәйкестікті тап»: пысықтауыштың жасалу жолдарын анықтау.
  5. 8 «Арқан тарту» ойыны: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Синтаксистік талдауға арналған сөйлемдер

  • Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.
  • Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
  • Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
  • Бүгін мен де қимылдап көрейін.
  • Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.
  • Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
  • Бұл кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.
  • Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.
  • Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
  • Анда-санда көзін қимылдатқандай болды.

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

[8], 54-жаттығу.

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау (тапсырмалар орындауы мен талдау сапасына қарай).