Шынының жаңа қасиеті
Қазақ тілі (10-сынып): тапсырмалар жинағы
Төмендегі тапсырмалар тәуелдік жалғау, көптік жалғау, сөзжасам, септік түрлері және тыныс белгілерін түсіндіру дағдыларын дамытуға арналған. Мәтіндер өлең және прозалық үлгілермен берілген.
№1. Тәуелдік жалғаулы сөздерді талдау
Өлеңнен тәуелдік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың тәуелдіктің қай жағында тұрғанын және қай түрі екенін (оңаша, ортақ) анықтаңдар.
Мәтін
«Отан!» — деп, тілі шықты бал бөбегім.
«Отан!» — деп, бөбегіме бал беремін.
Тербеткен гүлге бөлеп бесігіне,
Отанға жан беремін, ән беремін.
Нұсқадың екі айтқызбай әміріңді,
Жаңғыртып қағамыз біз дабылыңды.
Шарықтап шың басынан шырқатамыз,
Ардақтап мына ғажап дәуірімді.
Отанның ұрпағымыз, түлегіміз,
Отаннан тыныс алған жүрегіміз.
№2. Зат есімдерді табу (негізгі және туынды)
Мәтінді көшіріңдер. Зат есімдерді тауып, негізгі зат есімдерді түзу сызықпен, туынды зат есімдерді ирек сызықпен белгілеңдер.
Мәтін
Алыстан көрінгенде көл ғой деп едік, қасына келсек көлшік екен.
Аузымен орақ орған өңкей мылжың.
Қарт бақташы сиырларын кешкі сауынына қайырып келеді де, сауылып болғанша үйіне қайтпайды.
Еңбек түбі — береке, көптің түбі — мереке.
Ел көркі — мал, өзен көркі — тал.
Аңшы аңды ұстасам дейді, аң аңшыдан құтылсам дейді.
№3. Көптік жалғауын қою және мағынасын анықтау
Мәтінді оқып шығып, көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қойып көшіріңдер. Қосымшалардың мағынасын түсіндіріңдер.
Мәтін (көп нүктелерімен)
Менің творчествомның басты тақырып...ы — соғыс тақырыбы.
Бұл тақырып менің кітабымнан кітабыма көшіп келеді, сабақтасып келеді.
Кейбір жолдас...: «Соғыс аяқталғанына біраз жыл... өтсе де, сенің кітап...ыңда тоқтамай жүріп жатады ғой», — деп әзілдейді.
Майдан өмірін жақсы білетін, майдангер... жанын терең түсінетін ақын... үшін жалынды жыл... жайында әрқашан да толғап отыру — үлкен парыз.
Солдат...дың жорық жол...ын еске түсіріп, ерлікті жырлау — азаматтық борыш.
№4. Жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасау
Зат есімдерге жақшадағы жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасаыңдар. Туынды сөздердің мағыналық реңкін ажыратыңдар.
Топ 1
- Негіз:Күрке, үй, бөлме
- Жұрнақ:(-шық, -шік)
Топ 2
- Негіз:Пальто, етік, үй
- Жұрнақ:(-сымақ)
Топ 3
- Негіз:Дәрігүл, Әлия, Құман, Қалжан, Нұрбек, Айдарбек
- Жұрнақ:(-ш, -ыш, -іш)
Топ 4
- Негіз:Нұрмағамбет, Жақып, Сақып, Нұргүл
- Жұрнақ:(-қан, -ан, -кен)
№5. Шығыс септігін табу
Шығыс септігінде тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын бөлек жазып көрсетіңдер.
Мәтін
Шынының жаңа қасиеті.
Адамның шыны өндіре бастағанына 5 мың жылдан асқан.
Шыныдан жасалған бұйымдар күнделікті тұрмыста көп қолданылады.
Шынының құрамына кремний, кальций, натрий, калий, алюминий, магний, қорғасын және оттегі элементтері кіреді.
Шыны заттары сынғыш болады.
Соңғы жылдары шынының құрамына жоғарыда аталған элементтерден басқа цезий, титан, вольфрам және тағы басқа элементтерді қосып, оның жаңа сорттарын жасады.
Бұл — болаттан мықты, алюминийден жеңіл, тотықпайтын шыны.
3500 градус температураға төзеді, ұрғанда сынбайды.
№6. Өлең: тыныс белгілері және жалғаулар
Өлеңді оқып шығып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер. Тәуелдік және жіктік жалғаулы сөздерді тауып жазыңдар.
Өлең
Дауысыңды естіп тұрмын, қарлығашым,
Шырылдап неге сонша қарлығасың?
Тимеймін балапанға, өзім — бала,
Неге сен мұнша маған жалынасың?
Білем, мен талай жерді араладың,
Шарқ ұрып, ойладың да бала қамын.
Сол үшін ана жаның елжірейді,
Келмейді жүрегіңді жаралағым.
Білем мен қасиетті ана сырын,
Шырқырап бөбегіне жаны ашырын.
Тимеймін балапанға, мен де сондай,
Біреудің әлдилеген баласымын.
№7. Жатыс септігін табу
Жатыс септігінде тұрған сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар.
Мәтін
Достар қыстыгүні Зейінмен бірге баққа барды.
Бақта әдемі қызылтөс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен.
— Қандай әдемі торғайлар! — деді Зейін.
Ол торғайларды ұстап алғысы келді, бірақ торғайлар ұшып кетті.
— Бір-екі торғайды үйге алып барайын деп едім, ұстатпайды, — деді Зейін.
— Олар аш. Сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп, қолға үйрету керек, — деді шешесі.
Зейін қуанып кетті.
Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты.
Міне, енді торғай бізге үйренді.
Шашқан бидайды тақтайдың үстінен жейтін болды.
Кейін алақандағы дәнді де шоқитын болды.
Ескерту
Бұл тапсырмада жатыс септігіндегі сөздер көбіне -да/-де, -та/-те жалғаулары арқылы көрінеді (мысалы: бақта).
Жүктеу
Материал: «Қазақ тілі (10-сынып) — карточкалар».