Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл материал 3–4 сынып оқушыларына арналған «Информатика: кеше, бүгін, ертең» атты сыныптан тыс сайыс сабағын өткізуге бағытталған. Сабақ ойын формасында ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, көптілді сөйлеу дағдыларын дамытуға және информатика тарихы мен негізгі ұғымдарын бекітуге көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы

Информатика: кеше, бүгін, ертең

Сабақтың түрі

Сыныптан тыс өткізілетін сайыс сабақ

Мақсаты

  • Сайыс арқылы оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Ана тілі, орыс тілі және шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін дамыту, информатика әлеміне баулу.
  • Өз білімін және қарсыласын әділ бағалай білуге тәрбиелеу, информатика тарихы туралы түсінігін кеңейту.

Ұйымдастыру

Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, таратпа материал.
Қатысушылар
3–4 сынып оқушылары (6 оқушы).
Әділқазылар
Бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар, әділқазылар, оқушылар! Сіздермен бірге «Информатика: кеше, бүгін, ертең» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа 6 оқушы қатысады.

Сайыс жоспары

  1. Компьютер құрылғыларын білеміз бе?
  2. Адасқан әріптер
  3. Физкультминутка
  4. Жұмбақ шешу
  5. Қиықтар жинау
  6. Сиқырлы тізбек

Сайыс кезеңдері

Әр кезең оқушылардың логикасын, жылдамдығын, есте сақтауын және информатика бойынша базалық білімін тексеруге арналған. Төмендегі бөлімдер сайысты ретімен өткізуге көмектеседі.

1-кезең: Компьютер құрылғыларын білеміз бе?

Сұрақ-жауап

Мұғалім:

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық,
Информатика — құрметтеуге лайық.
Тартысайық сайыста күш-жігермен,
Тартысайық қимас біз дос көңілмен.

  • 1) Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз.

    Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.

  • 2) Шығару құрылғыларын атаңыз.

    Принтер (басып шығарғыш).

  • 3) Тышқанның түрлері қандай?

    Екі батырмалы, үш батырмалы.

  • 4) Компьютердің «миы» деп нені атайды?

    Жүйелік блок.

  • 5) Алғашқы есептеу құралы қандай?

    Саусақтар.

  • 6) Дыбыс шығару құрылғысы қандай?

    Колонка.

  • 7) Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

    Пуск → Все программы → Стандартные → Paint.

  • 8) ДК неше бөліктен тұрады?

    7 бөліктен.

2-кезең: Адасқан әріптер

Сөздерді дұрыстау

Мұғалім:

Ең қиынын жарыстың — жеңіп ал да жарыссын!

Торнимо

Монитор

Пьютерком

Компьютер

Қантыш

Тышқан

Каколон

Колонка

Тенинтер

Интернет

Терус

Сурет

Уяоб

Бояу

Никнауш

Наушник

3-кезең: Физкультминутка

Қимыл-қозғалыс ойыны

Мұғалім:

Мынау ұшқыр заманда жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру — қажеті туды адамға.

Оқушылар, шаршаған боларсыңдар. Енді аздап демалып, зейінімізді тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады:

  • 3 дегенде қолды алға созамыз.
  • 13 дегенде қолды екі жаққа созамыз.
  • 33 дегенде қолды жоғары көтереміз.

Қателескен немесе қимылды ауыстырып орындаған оқушылар ойыннан шығады.

4-кезең: Жұмбақ шешу

Ойлау мен есте сақтауды дамыту

Мұғалім:

Көңілді ойын жасайық, жұмбақ шеруін шашайық.
Мұнда қызық табылады — қиын жұмбақ бәрі бар.
Бүгінгі кеште біз бастайық, сайыста көңілмен қол соғайық!

Жануарға ұқсас атым бар, бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын, ең қажетті құралмын. Жауабын көрсету

Жауабы: тышқан.

Жұртты өзіне қаратқан, ақпаратты сақтап, таратқан. Жауабын көрсету

Жауабы: компьютер.

Мәліметті сұраған, экранға шығарған. Жауабын көрсету

Жауабы: монитор.

Ақпаратты қағаздан компьютерге енгізетін қандай құрылғы? Жауабын көрсету

Жауабы: сканер.

Бір сарайда тұрады екен бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі: бір күн бар да, бір күн жоқ. Соны есепке алсақ, ұзын саны жүз жеті. Жауабын көрсету

Жауабы: пернетақта.

Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені. Жауабын көрсету

Жауабы: кактус.

5-кезең: Қиықтар жинау

Құрастыру + бояу

Мұғалім:

Әділ халқым, берерсің әділ баға — өнері мен өренін салыстырып.

Оқушыларға қиықтар беріледі. Мақсат — қиықтарды жинап, суретті құрастыру және оны бояу. Тапсырманы ең тез әрі ұқыпты орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.

6-кезең: Сиқырлы тізбек

Реттілік құру

Мұғалім:

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма — мәреге таяп қалды бұл жарыста!

Тапсырма:

Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз.

Бит Байт Килобайт Мегабайт Гигабайт Терабайт

Қорытынды және марапаттау

Сайыс соңында әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, I, II, III орын бойынша марапаттайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Көңіл бөліп бұл кешке келгендеріңізге көп рақмет!
Шын ниетпен қолдаған көрермендерге мың рақмет!