Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Әйтеке би кенті
№170 орта мектеп • Информатика пәні мұғалімі: Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
Пән
Информатика
Сынып
5-сынып
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Білімділік мақсаты
Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету; түзу сызық, тік төртбұрыш және бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш сызу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды рухани-адамгершілікке, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдістері мен көрнекілігі
Әдістері
- Түсіндірмелі
- Сұрақ–жауап
- Ой туғызу
Көрнекілігі
- Дербес компьютер
- Интерактивті тақта
- Жұмбақ шешу тапсырмалары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларымен амандасу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Paint графикалық редакторының атқаратын қызметі қандай?
- Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
- Paint графикалық редакторы терезесінің бөліктерін атаңдар.
- Сурет салу әдістері қалай орындалады?
- Түстер палитрасының қызметі қандай?
- Мәзір жолағының (Menu) қызметі қандай?
III. Жаңа сабақты меңгерту
Бұл бөлімде Paint бағдарламасындағы негізгі сурет салу құралдарымен жұмыс істеу қадамдары қарастырылады.
Түзу сызық сызу
Түзу сызық сызу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңдар:
- Линия (Line) құралын таңдаңдар.
- Құралдар панеліндегі жақтаудан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.
- Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге апарыңдар.
- Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын жерге дейін сүйреңдер.
- Маус батырмасын жіберіңдер.
Тік төртбұрыш және квадрат салу
Тік төртбұрыш (Rectangle) құралымен боялған немесе боялмаған пішіндер салуға болады:
- Прямоугольник (Rectangle) батырмасын таңдаңдар.
- Сызу режимін таңдаңдар: 1 — тек жақтау, 2 — жақтау және толтыру, 3 — тек толтыру.
- Маус нұсқағышын пішін салынатын орынға орналастырыңдар.
- Сол жақ батырманы басып тұрып, қажетті өлшем шыққанша жақтауды созыңдар.
- Маус батырмасын жіберіңдер.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш салу
Бұл құрал бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған немесе боялмаған пішіндер салуға мүмкіндік береді:
- Скругленный прямоугольник (Rounded Rectangle) құралын таңдаңдар.
- Сызу режимін (жақтау/толтыру) таңдаңдар.
- Маус нұсқағышын салынатын орынға апарыңдар.
- Сол жақ батырманы басып тұрып, қажетті өлшем шыққанша сүйреңдер.
- Маус батырмасын жіберіңдер.
Эллипс және шеңбер салу
Эллипс (Ellipse) құралымен эллипс пен шеңбердің боялған және боялмаған түрлерін салуға болады:
- Эллипс (Ellipse) құралын таңдаңдар.
- Режимін таңдаңдар: 1 — тек шекара, 2 — шекара және толтыру, 3 — тек толтыру.
- Маус нұсқағышын эллипс салынатын орынға орналастырыңдар.
- Сол жақ батырманы басып тұрып, пішінді сызғанша сүйреңдер, кейін жіберіңдер.
Қисық сызық салу (Curve)
- Кривая (Curve) құралын таңдаңдар.
- Сызықтың қажетті қалыңдығын белгілеңдер.
- Алдымен түзу сызық сызу қадамдарын орындаңдар.
- Сызықтың иілуі керек жердің жанынан маустың сол батырмасымен шертіп, бағытқа қарай жылжытыңдар.
- Қажет болса, иілуді нақтылау үшін әрекетті екінші рет қайталаңдар.
Көпбұрыш салу (Polygon)
- Многоугольник (Көпбұрыш) құралын таңдаңдар.
- Көпбұрыштың режимін/типін таңдаңдар.
- Бірінші қабырғаны салыңдар.
- Келесі қабырғаларды ретімен белгілеп салыңдар.
- Пішінді аяқтау үшін бастапқы нүктеге қайтып келіп, шертіңдер.
Құю (Заливка) құралын пайдалану
- Құю (Fill/Заливка) құралын таңдаңдар.
- Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаңдар.
- Боялатын тұйық контурдың ішіне мауспен шертіңдер.
Бүріккіш (Spray) құралын пайдалану
- Бүріккіш (Spray) құралын таңдаңдар.
- Түстер палитрасынан түс таңдаңдар.
- Бүріккіш дағының (нүктелер тығыздығы/өлшемі) параметрін таңдаңдар.
- Маусты басып тұрып, бояуды бүркіңдер.
Қылқаламмен (Brush) сурет салу
- Кисть (Brush) құралын таңдаңдар.
- Қылқаламның пішіні мен өлшемін таңдаңдар.
- Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаңдар.
- Нұсқағышты бояу басталатын жерге орналастырыңдар.
- Сол жақ батырманы басып тұрып, қылқаламды жылжытыңдар.
- Маус батырмасын жіберіңдер.
Өшіргіш (Eraser) құралын пайдалану
- Ластик (Өшіргіш/Eraser) құралын таңдаңдар.
- Өшіргіштің өлшемін таңдаңдар.
- Өшірілетін аймаққа нұсқағышты апарып, сол жақ батырманы басып тұрып өшіріңдер.
- Маус батырмасын жіберіңдер.
Тапсырма
Жұмбақтардың шешуін тауып, Paint бағдарламасында суретін салыңдар.
Жұмбақ 1
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын.
Шешуі: Қолшатыр
Жұмбақ 2
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.
Шешуі: Шырша
Жұмбақ 3
Күндіз кірер інге,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.
Шешуі: Ай
IV. Сабақты бекіту сұрақтары
- Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
- Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
- Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
- Эллипс пен шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
- Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
V. Үй тапсырмасы
- Paint графикалық редакторының сурет салу құралдарын қайталау.
- Ребус құрастыру.
VI. Бағалау
Оқушылардың білімі мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.