Қыс мезгіліне сурет салу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Жаңа тақырып бойынша мәлімет беру.
  • «Қыс» тақырыбына қатысты сөздік қорды байыту.
  • Сөздерді дұрыс оқып, дұрыс айтуға дағдыландыру.
  • Мәтінмен жұмыс барысында сын есімді қайталау, жаңа сөздермен танысу.

Дамытушылық

  • Сауатты жазу және оқу дағдыларын дамыту.
  • Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
  • Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.
  • Сөздік қорды жүйелі түрде молайту.

Тәрбиелік

  • Мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, ынталандыру.

II. Лексикалық жаттығу

Жыл мезгілдері

Сурет пен слайд арқылы жыл мезгілдерін таныстырып, түсіндіремін. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жұмбақ шешеміз.

Жұмбақ 1

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұрып, кейде жұлып,
Ұйытқып боран соғады.
Бұл қай кезде болады?

Жұмбақ 2

Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.

Жауабы: қар

Жұмбақ 3

Қолы жоқ — сурет салады,
Тісі жоқ — тістеп алады.

Жауабы: аяз

III. Фонетикалық жаттығу

Дыбыстарды дұрыс айтуға, екпінді сақтауға және сөйлеу қарқынын реттеуге бағытталған қысқа жаттығулар орындалады.

IV. Сабақтың мақсатын анықтау

Бүгінгі тақырыбымыз — «Қыс». Мақсатымыз — қыс мезгіліне қатысты сөздерді меңгеру, оларды дұрыс оқып, дұрыс айту, тақырып бойынша әңгімелей білу.

V. «Ассоциация» ойыны

«Қыс» сөзіне ассоциация жасап, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырамыз. Мақсат — ойды нақты әрі көркем жеткізу.

аппақ қар қатты аяз ұйытқыған боран қысқа күн ұзақ түн

VI. Сөздік жұмысы

Жаңа сөздер және қолданылуы

Қазақша Орысша
қар снег
ұлпа пушистый
аяз мороз
шана санки
қысқа короткий
шаңғы лыжи
ұзақ длинный
тебеді катается

Грамматикалық тақырып

Сын есімді қайталаймыз: мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың зат есіммен байланысын анықтаймыз және сөйлем ішінде дұрыс қолданамыз.

VII. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың назарын сергітіп, келесі тапсырмаларға дайындық жасаймыз.

VIII. Мәтінмен жұмыс

Оқу • Аудару • Сұрақ-жауап • Сын есімдерді табу

«Қыс» мәтіні

Қыс түсті. Қыс айлары — желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, боран соғады, қатты аязды күндер көп болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Жердің бетін аппақ, ұлпа қар басады. Адамдар қыста жылы киім киеді. Балалар коньки, шана тебеді, шаңғымен сырғанайды. Маған қыс мезгілі ұнайды.

Жұмыс бағыты

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Сөздік сөздерді пайдаланып, аудару.
  • Бір-бірімізге сұрақ қою.
  • Сұрақтарға толық жауап беру.

Кілт тапсырма

Мәтіннен сын есімдерді тауып, оларды тіркес түрінде көрсетіңіз (мысалы: аппақ қар, қатты аяз, қысқа күн, ұзақ түн).

IX. Презентация көру

Қыс туралы презентация көреміз. Оқушылар ұнаған суретті таңдап, салып, қысқаша қорғайды. Көргенін нақты айту үшін үлгі қолданылады:

Үлгі сөйлем

Мен … көрдім.

Сұрақ: Презентациядан не көрдіңдер?

X. Тапсырмалар

  1. Берілген сөздермен сөйлем құра: қар, аяз, шана.
  2. «Қыс» сөзін септе.
  3. Қыс туралы сұхбат құрастыр.

XI. Жаңа сабақты бекіту

Оқулық: 128-бет, 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап береміз.

XII. Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • Қыс туралы әңгімелеу.
  • Қыс мезгіліне сурет салу.

XIII. Бағалау

Оқушылардың оқу мәнері, сөйлем құрауы, сұрақ-жауапқа қатысуы және жазба жұмыстары бойынша бағаланады.

XIV. Қорытынды

«Қыс» тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды қайталап, сын есімдердің мәтіндегі қызметін қорытындылаймыз.

XV. Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар бүгін не үйренгенін, қандай тапсырма қиын болғанын және нені жақсартқысы келетінін қысқаша айтады.