Неше ондық
Қысқа мерзімді жоспар
Мақсаты
- Оқушыларды қосу және азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.
- Ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдауын, қорытынды ой-пікір білдіруін, белсенділігін және танымдық қабілетін дамыту.
- Тапқырлыққа, алған білімін өмірде қолдана білуге, белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруға, сыйластық пен ізеттілікке тәрбиелеу.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлар
- Қосу және азайтуды орындай алады.
- Белгісіз санды таба алады.
- Геометриялық фигураларды өлшеп, ұзындығын анықтай алады.
- Екі таңбалы сандарды баған түрінде шығара алады.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту
Алғырлар
Тапсырма: 10 + 5 = 15
Зеректер
Тапсырма: 15 − 5 = 10
Білгірлер
Тапсырма: 15 − 10 = 5
Мағынаны тану
Балалар, жұмбақтарға назар аударайық. Әр жұмбақ бізге сан мен әріптің байланысын, разрядтарды және екі таңбалы сан ұғымын еске түсіреді.
1) Жұмбақ
Есепке де кіремін, әріп болып жүремін. (3)
- Жауабы: 3 саны.
- Әріп: «З» — дауыссыз, ұяң.
- Таңбалығы: бір таңбалы сан.
- Класы: бірліктер класы.
2) Жұмбақ
Әріп десең, бүйірі тоқ; сан десең, салмағы жоқ. (0)
- Жауабы: 0 саны.
- Әріп: «О» — дауысты, жуан.
- Құрастыру: «З» цифрының қасына «О» цифрын қойсақ — 30.
- Таңбалығы: екі таңбалы сан.
- Класы: ондықтар класы.
- Құрамы: 3 ондық, 0 бірлік.
Енді жаңа сабаққа назар аударайық. 3 + 6 жазуы бірліктерді қосуды білдіреді.
Мысал: 30 + 24
- 30 және 24 — екі таңбалы сандар.
- Бұл жерде ондықтарды және бірліктерді өз разрядтары бойынша біріктіреміз.
24 санын разрядтарға жіктеу
- 24 = 20 + 4
- 20 — 2 ондық
- 4 — 4 бірлік
Есептер мен мысалдар
4-есеп (жемістер)
а) Алма
Сатып алынғаны: 15 кг
Жіберілгені: 10 кг
Қалғаны: 15 − 10 = 5 кг
ә) Алмұрт
Берілгені: 13 кг
Қосылғаны: 5 кг
Барлығы: 13 + 5 = 18 кг
5-тапсырма (санды жіктеу)
Келесі сандарды разрядтық қосынды түрінде жазыңдар:
72 = 70 + 2
71 = 70 + 1
70 = 70 + 0
69 = 60 + 9
68 = 60 + 8
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек қасынан.
Қанша болады? Есептеп көр!
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма: «Бұл — сендердің үйлерің. Ендеше, кім қай нөмірлі үйде тұрады?» Тауып көрейік.
Үй нөмірлері
Бастауыш сынып мұғалімі: Д. Масаитова
Тақырыбы: Қосу және азайту (3+56, 30+24)