Қорқыт атаның түйесі
Қостанай облысы, Қостанай қаласы • №1 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы
Сабақтың тақырыбы
«Дерсеханұлы Бұқашжан туралы аңыз»
Сабақтың мақсаты
- VIII ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны әрі күйші Қорқыт ата туралы білім қалыптастыру.
- Оқушылардың тілін дамыту; Қорқыт баба туралы аңыздар мен деректерді өз бетінше оқып-тану арқылы зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын жетілдіру.
- Өз елінің тарихына сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік және ресурстар
Көрнекіліктер
- •Қорқыт ата портреті
- •Қорқыт атаның кесенесі туралы бейнефильм
Цифрлық құралдар
- •PowerPoint презентация
- •Интерактивті тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі: қызығушылықты ояту
Сабақ басында тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Тақтадан не көріп тұрсыңдар? Бұл қандай музыкалық аспап?» Оқушылар: «Қазақ халқының ұлттық аспабы — қобыз», — деп жауап береді.
Интерактивті тапсырма
Интерактивті тақтаның көмегімен «Қорқыт» сөзіне байланысты кроссворд шешіледі.
Топқа бөлу және мақсатпен таныстыру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сабақтың негізгі бағытын түсіндіреді: өткен сабақта ежелгі дәуір әдебиетімен танысқанын еске салып, бүгін сол білімді толықтырып, VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт ата туралы тереңірек әңгіме қозғалатынын айтады.
II. Өткенді пысықтау және жаңа сабақты меңгеру
Сабақ бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмалар арқылы жүргізіледі:
Кезеңдер
- 1.Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
- 2.«Сөз — мерген» (сөздікпен жұмыс)
- 3.«Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр»
- 4.«Мақал — сөз мәйегі»
- 5.Қорқыт атаның нақыл сөздері
- 6.Сауалхат
«Қорқыт ата кітабы» туралы дерек
«Қорқыт ата кітабы» (VIII ғ.) бүгінге дейін қолжазба күйінде сақталған: Германияда — 12 жыр, Италияда — 6 жыр.
Оқушылар қобыз туралы не білетінін және қандай аңыз оқып келгенін әңгімелейді.
Мұғалім түсіндірмесі: Қорқыт ата кім?
Қорқыт ата — VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында, бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған.
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгілік өмірді іздеуші, сол жолда күрескер ретінде суреттеледі. Алайда өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ» деген ойға келеді. Содан кейін мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан іздейді: күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі кеткенмен, артында күйлері мен ұлағатты сөздері қалады.
Әдебиет тарихында Қорқыт атаға қатысты деректі мұра — «Қорқыт ата кітабы». Ол Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын, ал Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.
Бұл кітапты VIII ғасырда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде хатқа түсірген — Қорқыт ата. Жинақта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады.
Кітаптағы жырлардан мысал
- •«Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр»
- •«Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»
- •«Оғыз қаған жыры» және т.б.
Келесі сабақта «Дерсехан ұлы Бұқашжан туралы жырмен» жақынырақ танысу жоспарланады.
Мәтінмен жұмыс
A) Сөздік жұмысы
- Желмая
- верблюдица
- Ажал
- смерть
- Әуен
- музыка, мелодия
- Зират
- могила
- Үздіксіз
- непрерывно
Ә)–В) Оқу әрекеттері
- •Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- •Оқушылар мәтінді өз бетімен оқып шығады.
- •Әр топ мәтіннен қажетті үзіндіні тауып, өз сөздерімен әңгімелейді.
Топтық жұмыс
I топ, II топ, III топ — тапсырма бойынша мәтіннен үзінділерді іріктеп, мазмұнын жүйелі түрде баяндайды.
Интерактивті тақтамен жұмыс: символдық талдау
Оқушылар мәтіндегі сөздердің астын сызады: өлімді білдіретін сөздерді — қара сызықпен, өмірді білдіретін сөздерді — жасыл сызықпен.
Сөздер дәптерге көшіріліп, тиісті белгілеулер жасалады.
Кроссворд: жасырын сөзді табу
Кроссворд дұрыс шешілсе, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғаны оқылады.
Сұрақтар
- 1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
- 2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая)
- 3. «Миф», «легенда» сөздерінің аудармасы. (аңыз)
- 4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария)
- 6. «Музыка», «мелодия» сөздерінің аудармасы. (әуен)
- 7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан)
Жасырын сөз
Дрезден
Дәптермен жұмыс: Қорқыт атаның нақыл сөздері
Оқушылар өзіне ұнаған нақыл сөздерді дәптерге көшіріп жазады.
Ана үшін бала — екі көздің сыңары.
Ұлың өсіп жетілсе — от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды.
Өтірікші болғаннан, жарық көріп өмір сүрмеген көп артық.
Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрген де аз.
IV. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта Қорқыт ата туралы біліміміз толықты. Оқушылар «Қорқыт бабамыз туралы не білдік?» сұрағына жауап беріп, негізгі түйіндерді қорытындылайды.
V. Үй жұмысы және бағалау
- Үй тапсырмасы сабақта өткен материалға сүйене отырып беріледі.
- Бағалау топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс және тапсырмаларды орындау белсенділігі бойынша жүргізіледі.