Белгісіздік есімдігі
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Есімдіктерден өткенді қайталау
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Оқытудың әдістері
Жинақтау, талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, тест, т.б.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, биология.
Көрнекіліктер
Есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер, ашық формалы тест, сөзжұмбақ, бейнефильм, компьютер, бағалау парақшалары, т.б.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Есімдік туралы теориялық білімді практикада қолдану; ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және қиялды дамыту; ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету; өзіне деген сенімділікті арттыру.
Тәрбиелілік
Сауатты жазуға және ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс істеуге, бір-бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сыныпты сабаққа даярлау.
- Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын тарату.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қызығушылықты ояту
Математикалық ойын: «Ғажайып алаң». Таңбалары әр түрлі сандарға амалдар қолданып, есептерді шығарып, ұяшықтардағы жасырын сөзді табу.
I топ
- 11,5 + (−2,5) = 9
- 20,2 × 2 + (−3,4) = 37
II топ
- −12,5 × (−2) = 25
- −153 : (−3) = 51
III топ
- −10,2 + 12,2 = 2
- −44 × (−2) : 8 = 11
Жеңімпазға
99 : (−9) × (−3) = 33
Жұмбақ сұрақтар: «Бұл қай есімдіктер?»
-
Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік — есімдіктің қай түрі?
Жауабы: Біз — жіктеу есімдігі.
-
Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.
Жауабы: Сұрау есімдіктері.
-
Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.
Жауабы: Мен, сен.
-
Көпшіл және көңілшек, ештеңені бөліп-жармайды. Көптік ұғым беріп, көпшілікті қармайды.
Жауабы: Жалпылау есімдіктері.
-
Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі болып тұра қалыпты.
Жауабы: Болымсыздық есімдіктері.
III. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ: «Бұл да қызық!»
Тапсырма: «Есімдік» сөзінің құрамындағы дыбыс саны қанша болса, есімдіктің түрлері де сонша. Шақпаққа төмендегілерді жазып, ерекше тордағы сөзді оқыңдар.
- Сілтеу есімдігі.
- Сұрау есімдігі.
- Өздік есімдігі (I жақ көпше түрі, тәуелденген).
- Белгісіздік есімдігі.
- Жалпылау есімдігі.
Ескерту: Ережелерін орындау барысында бірден сұрау арқылы нақтылау жүргізіледі.
Сатылай кешенді талдау
Мысал сөйлем: «Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.»
Бұл
- Негізгі
- Дара
- Есімдік
- Сілтеу
- Сұрағы: қай?
- Сөйлем мүшесі: анықтауыш
Ешкім
- Негізгі
- Күрделі
- Есімдік
- Болымсыздық
- Сұрағы: кім?
- Сөйлем мүшесі: бастауыш
Бүкіл
- Негізгі
- Дара
- Есімдік
- Жалпылау
- Сұрағы: қай?
- Сөйлем мүшесі: анықтауыш
Мәтінмен жұмыс
«Акула» тақырыбында бейнефильм көрсетіледі. 116-жаттығу: мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына және тұлғасына қарай жазбаша талдау.
Полиглот
Тапсырма: асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аудару.
I топ
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!Жарасқан Әбдірашев
II топ
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.Абай
III топ
Әркімді адам сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.
Бекіту
Көру диктанты
Тапсырма: мәтінді жатқа жазып, есімдіктерді табу және талдау.
Басқа жұрт балалары оқу қуған,
Біліммен өз жұртының бетін жуған.
Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай,
Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!
Ашық формалы тест
Нұсқау: сөйлемдерді толықтырыңдар.
- Үлкенді сен сыйласаң, кіші (сені) сыйлайды.
- Жаманның (өзі) бола алмайды, болғанды көре алмайды.
- Балапан ұяда (не) көрсе, ұшқанда соны іледі.
- Не ексең, (соны) орарсың.
- Біреу тойып секіреді, (біреу) тоңып секіреді.
Қорытынды
Дәстүрлі сұрақ-жауап
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жақ не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяқ не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Есімдік не үшін қажет?
Туған жерге жету үшін екі аяқ қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына есімдік сияқты сөз табының қосар үлесі зор. Есімдік жүйелі ойлау мен ой-өрістің кеңеюіне де үлкен ықпал етеді.
Кластер (топтастыру) әдісі
Сонымен, есімдік жайлы не білдік?
ЕСІМДІК
↓
… (оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады)
Бағалау және кері байланыс
Бағалау
Бағалау парақшалары жиналып, қорытынды баға шығарылады.
Менің алған әсерім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаларға жазады. Соңында парақшалар жиналады.
Үйге тапсырма
I топ
Ой толғау: «Достық — татулық белгісі».
II топ
Сыр толғау: «Ауылым — алтын бесігім».
III топ
Жыр толғау: «Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына (Жеңіске — 65 жыл)».
Тапсырма түрі: шағын шығарма, өлең немесе ой толғау жазу. Мәтіннен есімдіктерді тауып, талдап келіңдер.