Тері пигменті
Терінің маңызы мен құрылысы
Білімділік мақсат
Терінің құрылысы мен қызметін, жабын жүйесінің маңызын түсіндіру арқылы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік мақсат
Терінің жұмысы мен маңызы туралы білімді саралап, гигиена қағидаларын ұстануға және денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат
Терінің маңыздылығы туралы қорытынды жасауға, ғылыми ой-өрісті дамытуға, ізденіске және шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Сергіту сәті (зейінді шоғырландыру)
Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталайық:
«Мен ойымды тез жинақтаймын, жаңалыққа және білімге қызығушылығым жоғары. Терең ойлап, нақты жауап беремін, қиялымды да еркін қолданамын. Мен өз біліміме де, өз күшіме де сенімдімін. Бүгінгі сабақта барлығына сәттілік тілеймін».
Көзімізді ашып, сабағымызды бастаймыз.
Ынталандыру өлеңі
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
- 1-топ: Эпидермис
- 2-топ: Дерма
- 3-топ: Гиподерма
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: «Артығын тап та, түсіндір» (I топ)
Бүйрек, нефрон, несепағар, қуық
Тапсырма: «Артығын тап та, түсіндір» (II топ)
Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Зәр түзіледі. Жылу реттеу қызметі. Гуморальды жолмен реттеледі.
Тапсырма: «Артығын тап та, түсіндір» (III топ)
Реабсорбция, энурез, фильтрация, вазопрессин
Жедел шолу: «Кім жылдам?»
- 1. Қанда зәрдің шектен тыс көбеюі — уремия.
- 2. Бактерия әсерінен бүйректің қабынуы — нефрит.
- 3. Зәр құрамында қатты заттардың (тастың) көбеюі — уролитиаз.
- 4. Қуықтың қабынуы — цистит.
- 5. Түнде зәр ұстай алмау — энурез.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Топтық жұмыс
Оқулықтағы мәтін бойынша әр топ постер дайындайды. Постер дайын болған соң, әр топ тақтаға шығып өз жұмысын қорғайды.
1-постер: Эпидермис
Эпидермис (грек. epi — «сыртқы», derma — «тері») — терінің сыртқы қабаты.
- Мүйізді қабат: осы қабаттан шаш, түк, тырнақ сияқты мүйізді түзілістер қалыптасады.
- Өсуші қабат: тірі жасушалардың үздіксіз бөлінуі арқылы тері үнемі жаңарып отырады.
2-постер: Дерма
Дерма (нағыз тері қабаты; лат. derma — «тері») — дәнекер ұлпадан түзілген.
1) Емізекшелі қабат
Қантамырлары, лимфа тамырлары және жүйке талшықтары өте жиі орналасады. Осы қабаттағы өскіндерге байланысты әр адамның тері бедері әртүрлі болады. Саусақ ұшындағы тері бедері (саусақ ізі) қылмыстық істерді анықтауда маңызды.
2) Торлы қабат
Тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түк түбірі, тер бездері және май бездері орналасады.
3-постер: Гиподерма
Гиподерма — теріасты шелмай қабаты. Дәнекер ұлпадан тұрады, құрамында майлы қосылыстар көп.
Май қорын ағза қажет кезінде энергия көзі ретінде пайдаланады.
Терінің негізгі қызметтері
1) Қорғаныш
Механикалық, химиялық және микробтық әсерлерден қорғайды.
2) Бөліп шығару
Артық әрі қажетсіз заттардың тер арқылы бөлінуіне қатысады.
3) Сезгіш
Жанасу, қысым, ауырсыну, температураны сездіреді.
4) Жылу реттеу
Тер бөлу және қантамырлардың кеңеюі/тарылуы арқылы дене температурасын тұрақтандырады.
Ойын: «Көз байлау» (сезгіштік қызметін дәлелдеу)
Үш оқушы шығып, көздері байланады. Дорба ішінен алынған затты саусақтарымен сипалап, оның не екенін және неден жасалғанын анықтап айтады. Осы арқылы терінің сезгіштік қызметі көрсетіледі.
Сөздік (негізгі ұғымдар)
- Меланин
- Тері пигменті, тері түсін анықтауға қатысады.
- Эпидермис
- Терінің сыртқы қабаты.
- Дерма
- Нағыз тері қабаты.
- Гиподерма
- Теріасты шелмай қабаты.
- Дерматолог
- Тері ауруларын анықтайтын және емдейтін дәрігер.
- Альбиностар
- Терісі өте ақ, шашы ақшыл, көз қарашығы қызылдау болып келуі мүмкін. Оларда теріге түс беретін пигмент — меланин түзілмейді. Бұл — тұқымқуалаушылықпен берілетін ерекшелік.
IV. Бекіту
Биологиялық диктант
- 1. Терінің сыртқы қабаты: _______________________
- 2. Терінің ішкі қабаты: __________________________
- 3. Терінің қызметтері: ____________________________
- 4. Теріні зерттейтін ғылым: ______________________
- 5. Тері дәрігері: _________________________________
- 6. Тері түзілістері: _______________________________
- 7. Эпидермистің қалыңдығы: _____________________
Тест тапсырмалары
-
1) Тері қабаты нешеу?
а) 1 ә) 3 б) 2
-
2) Тері қызметін атаңдар.
а) Көру ә) Сезу б) Есту
-
3) Тері пигменті.
а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин
-
4) Тері қандай ұлпадан тұрады?
а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке
-
5) Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері
-
6) Тері қандай мүше?
а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру
-
7) Тері ауруының дәрігері.
а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт
-
8) Нағыз тері қабаты.
а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері
-
9) Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
а) 1 литр ә) 1,5 литр б) 5 литр
-
10) Терінің сыртқы қабаты.
а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері
V. Бағалау
Әр топтың топбасшысы мұғалімнің көмегімен топ мүшелерінің жұмысын бағалайды (постер қорғау, жауаптың нақтылығы, белсенділік).
VI. Үй тапсырмасы
- Терінің құрылысы мен қызметі бойынша сұрақтарға жауап беру.
- «Тері гигиенасы» тақырыбына презентация дайындау.