Инерция күнделікті өмірде

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Қозғалыс» тарауы бойынша білімді қайталау, пысықтау, жинақтау және жүйелеу. Практикалық шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Инерция құбылысын мысалдар арқылы түсіндіру. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Еңбекке баулу, сыйластық пен ұйымшылдықты нығайту. Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Білімді күнделікті өмірмен байланыстырып қолдану. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіну және есеп шығаруда пайдалану дағдыларын дамыту. Пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың құрылымы (жоспар)

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Ұжымдық әрекетті ұйымдастыру
  • Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін еске салу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аударту

2) Ынталандыру бөлімі

Желтоқсан айы басталар алдында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында оқушылар бір-біріне құттықтау сөздерін айтады. Әр құттықтаудың алғашқы әрпі бойынша таныс физикалық терминдер, шамалар немесе өлшем бірліктері аталады.

Мысал: «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын!»түзу сызықты қозғалыс.

Өткенді қайталау

Сөзжұмбақ

«ИНЕРЦИЯ» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғымдар еске түсіріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну —
Физика — бүгін де дүние кілті.

Өмірмен байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік көбіне қозғалыс заңдарын түсінуге және жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға байланысты. Көлік қозғалысындағы қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қозғалыс құбылыстарын білу маңызды.

Күнделікті бақылаулар

  • Жерде жатқан доп тек тепкеннен кейін қозғалысқа келеді.
  • Әткеншек итергенде қозғалып, ауа кедергісі әсерінен біртіндеп тоқтайды.

Осы мысалдар кез келген дене сыртқы әсер болмаса, Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайтынын көрсетеді.

Жаңа сабақты түсіндіру

1) Электронды оқулықпен жұмыс

Қарапайым тәжірибе арқылы құбылысты бақылау ұсынылады. Оқушыларға сұрақ қойылады:

Сұрақ

Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергілер жойылса, ол қалай қозғалар еді?

2) Ғылыми түсіндірме

Бұл сұраққа Галилео Галилей мынадай тұжырым жасаған:

Егер денеге басқа денелер әсер етпесе, ол тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Екі жағдайда да жылдамдық өзгермейді.

3) Есіңде сақта

Инерция — денеге басқа денелер әсер етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы.

«Инерция» сөзі латын тілінен шыққан, мағынасы — әрекетсіздік.

Инерцияның өмірдегі көріністері

Қозғалыс тоқтағанда немесе күрт өзгергенде, дене өзінің алдыңғы күйін сақтауға «ұмтылады». Сол себепті көлікте қауіпсіздік белдігін тағу, қашықтық сақтау және жолда жүру ережелерін орындау аса маңызды.

Бекіту жұмыстары

Есептер шығару

Берілген шамаларды түрлендіру және байланысын табу тапсырмалары:

Шама Берілген Табу
S (жол) 108 км; 150 м ? м
v (жылдамдық) 72 км/сағ; 36 км/сағ ? м/с
t (уақыт) 30 мин; 0,5 мин ? сағ

Тәжірибелер

Тиынды стақанға түсіру

Үстелде суы бар стақан, үстінде карта, картаның үстінде тиын. Тиынды қолмен ұстамай стақанға қалай түсіреміз?

Жауабы: картаны саусақпен жылдам әрі қатты шертіп қаламыз. Тиын жылдамдық алып үлгермей, инерция әсерінен стақан ішіне түседі.

Қағазды банканын астынан алу

Ұзын қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банка орнынан жылжымай тұруы үшін қағазды қалай аламыз?

Жауабы: қағаздың шетінен ұстап, тез тартып қалу керек. Банка инерция әсерінен бірден қозғалып үлгермейді.

Қорытындылау және бағалау

Тест жұмысы

Оқушылар слайдтағы сұрақтарды оқып, жауаптарын дәптерге жазады. Соңында дұрыс жауаптар көрсетіліп, өзін-өзі тексеру жүргізіледі.

  1. 1. Егер дене бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, бұл қандай қозғалыс?
    A) бірқалыпты    B) бірқалыпсыз    C) бірқалыпты үдемелі
  2. 2. Гелиоцентрлік жүйенің негізін салған кім?
    A) Птоломей    B) Галилей    C) Коперник
  3. 3. Денеге басқа денелер әсер етпегендегі жылдамдықтың сақталу құбылысы қалай аталады?
    A) диффузия    B) жылдамдық    C) инерция
  4. 4. Дененің жүрген траекториясының ұзындығы қалай аталады?
    A) жол    B) орын ауыстыру    C) жылдамдық
  5. 5. Инерция құбылысын алғаш рет ғылыми тұрғыда кім түсіндірді?
    A) Аристотель    B) Галилей    C) Демокрит
  6. 6. Төмендегі бірліктердің қайсысы СИ жүйесінде уақыт бірлігі?
    A) 1 сағат    B) 1 секунд    C) 1 минут
  7. 7. 54 км/сағ жылдамдықты м/с-пен өрнекте.
    A) 15 м/с    B) 54000 м/с    C) 540 м/с

Рефлексия және бағалау

Нені білдік? Нені үйрендік?

Инерцияның анықтамасын тұжырымдау және күнделікті өмірден мысалдар келтіру.

Оқушы білімін бағалау

Тест нәтижесі, есеп шығару барысы және тәжірибелерді түсіндіру деңгейі бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

§28. Инерция
§29. Кеңістік және уақыт