Біз - Тәуелсіз елдің болашағы

Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!

Бұл тәрбиелік шараның мақсаты – еліміздің өткеніне, бүгініне және ертеңіне зер салып, ой таразылау. Өз тілімізді, тарихымызды, салт-дәстүрімізді, әдебиетімізді қадірлеп, құрметтеу. Қазақ елін әлемдік деңгейге көтеру – әрқайсымыздың қолымызда екенін ұғындыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, елге, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…» – Жұбан Молдағалиевтің осы жолдары қазақ халқының бүкіл болмысы мен өмір жолын айқындайды. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама; 30-жылдардағы ашаршылық; 37-жылдардағы нәубет; 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы; Желтоқсан көтерілісі… Тәуелсіздіктің құны – осындай тарихи сынақтармен өлшенеді.

2017 жылы Желтоқсан оқиғасына 31 жыл толып, ал егемен еліміздің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл болды. Осы мерейлі датаға арналған «Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші

Шарықта, шарла көкті, көк байрағым,
Арманым, азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта, Елтаңбам – шаңырағым.

Әнұран орындалады.

2-жүргізуші

Бүгін С. Датов атындағы №26 орта мектебіміздің мұғалімдері мен ата-аналарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Тізім/аты-жөні үшін орын

16 желтоқсан – қандай күн?

Құрметті оқушылар, 16 желтоқсан қандай күн екенін білесіздер ме? Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздік алған күні.

Қазақ елінің тарихы – жас ұрпаққа терең мәнін толық жеткізу әрдайым оңай бола бермейтін, жан дүниеңді дір еткізетін сыр мен мұңға толы шежіре. Оған куә – кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм мен шөл, сондай-ақ тарихи ескерткіштер: мазарлар, көне қалалардың орындары. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған қасиетті топырақтың ізі мен исі сезіледі.

Бейнематериал

Сөзбен жеткізу қиын сезімді бейне арқылы сезінейік: интерактивті тақтадан бейнебаян көрсетіледі.

Желтоқсан – намыстың жаңғырығы

1986 жылғы желтоқсанда ел жадында мәңгі қалатын отты оқиға болды. Егемендікті аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсанның желі дауылға айналып, ұлттық намыс құдіретін әлемге танытты.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды көптеген қазақ жастары қайсарлық танытып, ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Ендігі кезекте «Шындыққа саяхат» көрінісіне назар аударайық.

Көрініс: «Шындыққа саяхат»

Сомдайтын: 6 «А» сынып оқушылары

Сахнаға оқушылар шығып, әрқайсысы еліне қосар үлесін – арманын, болашақ мамандығын айтады.

Ұран сөздер

  • Біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз! Мен де! Сен де! Ол да!
  • Біз – бәріміз бақытты балалармыз! Мен де! Сен де! Ол да!
  • Болашақта Қазақ елінің даңқын көтереміз! Мен де! Сен де! Ол да!
  • Тәуелсіздік тұғырын берік ұстаймыз!
  • Елін! Жерін! Рәміздерін! Әрқашан да қастер тұтамыз!

Хор: «Менің елім, Қазақстан»

Келесі бөлім: хор орындауы

Қорытынды сөз

Мұғалім

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз бір атаның баласындай.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын!

Осындай ізгі тілекпен ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз.

Қоштасу

1-жүргізуші

Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Тәуелсіз Қазақстанның таңы әрқашан нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

2-жүргізуші

Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!