Неше кіші ішік піштім

Сабақ тақырыбы: Сөз таптары

Бұл сабақ жоспары оқушылардың сөз таптары туралы білімін нақты тапсырмалар арқылы бекітіп, сауатты қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар пікір білдіруді, талқылауды, бірін-бірі тыңдауды үйренеді және шығармашылық тапсырмалар арқылы тілдік қорын кеңейтеді.

Мақсаты

  • Сөз таптары туралы білім, білік, дағдыларды іс жүзінде сауатты қолдануға дағдыландыру.
  • Өз ойын ортаға салып, талқылауға үйрету.
  • Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Зер сала тыңдауға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Көрнекілігі
Интерактивті тақта, сызбалар, карточкалар
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топтау, ой қозғау, «Бес жолды өлең» стратегиясы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

4 топ: зат есім, сын есім, сан есім, етістік

Психологиялық дайындық

Күлім қағып, қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.

Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,

Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығуды оқу және тексеру.

III. Өткенді қайталау

Мұғалім қыс мезгіліне қатысты сұрақтар қояды: қазіргі мезгіл, қыста ойналатын ойындар. Оқушылар жауап берген соң, Қазақстанда өтіп жатқан қысқы Универсиада туралы қысқаша мәлімет айтылады. Әр тапсырманы орындау арқылы оқушылар қысқы спорт түрлерімен танысады.

Сұрақтар

  1. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?
  2. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін мағыналы бөлімі қалай аталады?
  3. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?
  4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
  5. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?

Спорттық байланыс

Тапсырмалардан кейін биатлон ойыны туралы қысқаша мәлімет беріледі.

IV. Жаңа сабақ

Жетелеуші тапсырма: допқа қатысты сөздер

Зат есім

Бұл не? доп

Сын есім

Доптың түсі, пішіні қандай?

Сан есім

Доп нешеу?

Етістік

Доппен не істейді?

Спорттық байланыс

Келесі бөлімге өту үшін шаңғы спорты туралы қысқаша мәлімет беріледі.

2-жаттығу

  • Зат есім ережесін айту.
  • Сын есім ережесін айту.
  • Сан есім ережесін айту.
  • Етістік ережесін айту.

Осы тапсырмадан кейін керлинг ойыны туралы мәлімет беріледі.

3-жаттығу

Тақтаға плакат ілінеді. Әр топтан оқушылар шығып, сөздерді оқиды, сұрақ қояды және кестеге дұрыс орналастырады.

Келесі спорт түрі: коньки спорты туралы қысқаша мәлімет.

Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін жазу.
  • Көркем жазу.

4-жаттығу

Сөздерді оқып, қайсысы заттың атын, қайсысы қимылды білдіретінін анықта.

Заттың аты (зат есім)

Қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.

Қимыл (етістік)

Жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.

Сөйлем құрастыру үлгілері

  • Қайық жүзеді.
  • Бала өседі.
  • Бақа секіреді.
  • Доп секіреді.
  • Ұшақ ұшады.
  • Ағаш өседі.
  • Балақай жүреді.

Тапсырма аяқталғанда сноуборд ойыны туралы мәлімет беріледі.

Жаңылтпаш

Жаңылтпашты оқып, жатқа айт:

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

Келесі спорт түрі: фристайл туралы қысқаша мәлімет.

Шығармашылық тапсырмалар

  1. Жалғасын тап.
  2. Сурет бойынша сипатта.
  3. Ойлан, тап.
  4. «Бес жолды өлең» құрастыр.

Спорттық байланыс

Тапсырмалармен қатар шорт-трек ойыны туралы мәлімет беріледі.

Ойын

Әр топ «Т» дыбысынан басталатын сөздерден төрт сөз табына мысал жазады: зат есім, сын есім, сан есім, етістік.

Келесі спорт түрі: шайбалы хоккей туралы қысқаша мәлімет.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Берілген сөздерді тиісті сөз табымен сәйкестендір.

Сөздер

  • Сын есім: тәтті, ащы, әдемі
  • Зат есім: парта, қалам, шар
  • Сан есім: алты, жетпіс, сексен
  • Етістік: жүгірді, секірді, ойнады

Қосымша мысалдар

  • Сан есім: он бірі, үш, алпыс
  • Зат есім: кітап, тақта, бор

Келесі спорт түрі: шаңғымен тұғырдан секіру туралы қысқаша мәлімет.

Автор туралы белгі

Мұғалім: Шукурова А.

Материал: «Сөз таптары»