Пейзаж - табиғатты бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

Бұл сабақта дизайн ұғымы түсіндіріліп, қағаздан бұйым жасау арқылы пішін, форма және композицияны өзгерту жолдары тәжірибе жүзінде меңгеріледі.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, қажетті құрал-жабдықтардың дайын екенін тексеру.
  • Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.

I. Қызығушылықты ояту

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау және бояулардың араласу нәтижелерін еске түсіру.

Қайталау сұрақтары

1) Акварель дегеніміз не?
Акварель — суда еритін, мөлдір бояулар және осы бояумен орындалатын шығармалар.
2) Гуашь дегеніміз не?
Гуашь — суда еритін, қоймалжың бояулар.
3) Натюрморт дегеніміз не?
Натюрморт — жансыз заттарды бейнелеу өнері.
4) Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж — табиғатты бейнелеу өнері.
5) Портрет дегеніміз не?
Портрет — адам бейнесін салу.
6) Мүсін дегеніміз не?
Мүсін — бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін шығармалары көлемді болып келеді.

Бояуларды араластыру (есте сақтайық)

  • Қызыл + көк = күлгін
  • Қызыл + сары = сарғыш қоңыр
  • Көк + сары = жасыл

II. Мағынаны тану

Әр топқа мәтін таратылады. Оқушылар оқып, талқылап, негізгі ойды анықтайды.

Дизайн туралы мәтін

Әртүрлі материалдан жасалатын көркем бұйымдар мен заттардың жобасын ең алдымен дизайнерлер жасайды. Дизайн — адамға қажетті заттар мен бұйымдарды ыңғайлы, үйлесімді және әдемі етіп жобалау әрі жасау.

Дизайнның алғашқы түрі 1928 жылы АҚШ-та пайда болды. Сол кезеңде бірнеше дизайндық фирмалар құрылып, дизайн жаңа қызмет түріне айналды. ТМД елдеріне дизайн өнері 1962 жылдан бастап ене бастады. 1987 жылдан бастап Дизайн одағының шығармашылық ұйымы құрылды, ал елімізде дизайн өнерін дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды.

Дизайн термині жаңа болғанымен, оның негізі ертеден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқының қолөнерінен дизайнды анық көруге болады: жіп иіретін ұршықтан бастап ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері — барлығы да ойластырылған пішін мен қолайлылыққа негізделген үлгілер.

Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық және компьютерлік бағыттарға бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беріледі, өйткені ол өндірістік тауарлардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Дизайн — заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі.

Дизайнды оқып-үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар: статика, ритм, динамика, симметрия, метр, асимметрия, нюанс, контраст және т.б. Жалпы дизайн өнері өмірдің барлық саласында кездеседі: өндірістен бастап күнделікті тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары мен жеке бұйымдарға дейін.

Бүгінгі таңда дизайнның орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы кеңістігін еуропалық дизайнмен безендіру үрдісі кең таралуда. Дизайн — кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жетілдіру деген сөз.

Талқылау форматы

Әр топтың жауаптары тыңдалады. Мұғалім тірек-сызбалар арқылы дизайн өнерінің пайда болуы, қолданылуы және түрлері бойынша ойды толықтырады.

Практикалық жұмыс

Тақырып: «Вазадағы гүл» дизайны. Жасалу жолы кезең-кезеңімен түсіндіріледі.

Нені меңгереді?

  • пішін мен форманы таңдау және өзгерту
  • үйлесім мен композиция құру
  • ұқыпты қиып-жапсыру дағдысы

Жұмыс түрі

Түрлі-түсті қағаздан әртүрлі бұйымдар жасау, дайын жұмыстарды ұсыну және қорғау.

III. Ой толғаныс

Топтық тапсырмалар арқылы оқушылар өз идеяларын жинақтап, шығармашылық шешімдерін ұсынады. Дайын жұмыстардан тақтада шағын көрме ұйымдастырылады.

Тапсырма

Қағаздан бұйым жасап, пішінін өзгерту тәсілдерін көрсету.

Көрме

Жұмыстар тақтаға орналастырылып, ортақ талқылаудан өтеді.

Бағалау

Оқушылар жұмыстары көркемдігі, ұқыптылығы және идеясы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

Түрлі материалды немесе түрлі-түсті қағазды қолдана отырып, бірнеше әртүрлі бұйым жасау.