Мақпал келіпті әдейі іздеп

Спектакльдің мақсаты

Бұл қойылым Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасына негізделген. Негізгі мақсат — драманы сахналық қойылым ретінде ұсыну арқылы оқушыларды шығарманың мазмұнымен таныстыру, әдебиет пен өнерге қызығушылығын арттыру және оқушылардың әртістік қабілетін шыңдау.

Көрнекіліктер

Сахнада киіз үй іші және дала көріністері бейнеленеді.

Дыбыстық әрлеу

Күйлер, табиғат дыбыстары және сахналық атмосфераны күшейтетін фондық әуендер қолданылады.

Өтетін орны

АКТ залы.

Рөлдерді сомдаушылар

  • Қарабай
  • Күнікей (Баянның анасы)
  • Мақпал (Қозының анасы)
  • Қозы Көрпеш
  • Баян сұлу
  • Қодар
  • Жантық
  • Таңсық
  • Айдар
  • Таңқы
  • Жарқын ақын
  • Оқиға (оқиғаны жүргізуші/баяндаушы)

Оқиға орны мен басталуы

Оқиға Қарабайдың үйінде және үйдің маңайында өрбиді. Шымылдық ашылғанда Қарабай жүктің әр жеріне бірдеңелерді тығып, абыржып жүреді.

Үзінді: Қарабай мен Жантық

Сахналық диалог

Қарабайдың үйі

Қарабай: «Қарабайдікі» дегенде бұл жұрт қызықпай қоятын болса ғой! Тек талап алудың амалын іздейді. Түс көрсе де, менің жылқымнан басқа ештеңе көрмейді. Ел дейді мұны! Ел деген осы ма? Торып тұрған жау емес пе? Адыра қалсын мұндай ел болғаны!

Қарабай: Жантық, әй, Жантық, бері кел!

Жантық: Ау... (келе жатады)

Қарабай: Осы елде Жантықтан басқа дені дұрыс адам қалды ма?

Жантық: Айтыңыз, Қареке, не болды?

Қарабай: Бері қарашы. Мен алдымен өзіме, сосын саған ғана сенемін — білесің ғой.

Жантық: Әрине, Қареке, оны білемін.

Қарабай: Онда отыр, мына түсімді жорып көрші.

Жантық: Жоримын, Қареке. Айта беріңіз. (отырысады)

Қарабай: Түсіңде қалың қол көрсең, бұл нені білдіреді?

Жантық: Қол көрсең, ол — жұрт па, әлде жау ма?

Қарабай: Ой, Тәңірі! Бұл күнде «жай жұрт» бола ма — бәрі жау!

Жантық: Онда, Қареке, мұны жақсылыққа жори алмаймын...

Қарабай: Ойлағаным дәл келді... Жау көргеннің несі жақсы болсын! Енді не істедім?

Жантық: Әйтеуір, түс қой.

Қарабай: Ал өңімде болса қайтем? Не қалады маған? Баянды сылтау етіп, ел мені тонап алады. «Баян» деген — жай ғана тырнақ іліктірудің амалы. Баянды біреуге беріп көрші — ертең-ақ көріңді қазып, бар малыңа ие болады! (әрі-бері ойланып жүреді)

Қарабай: Сен былай ет: осыны ойластыр. Баян мәселесін бір жақты қылайық.

Жантық: Жарайды, Қареке, ойлап көрейін. (кетеді)

Қарабай: О, Құдай! Қыз бермедің, пәле бердің. Жетпіс жыл бойы жеті жапырағына тісім тимеген малдың да жатқа бұйыратын күні туды-ау...

Үзінді: Күнікей мен Мақпалдың талабы

Қарабай шыға бере, алдынан келе жатқан Күнікей мен Мақпалды көреді. Қарабай олардан жалтарғысы келіп, жата қалады.

Күнікей: Уа, басыңды көтер, көзіңді аш... Мақпал әдейі іздеп келіпті.

Қарабай: Мақпал? Осы төңіректікі ме? Есенсіз бе? (танымаған болады)

Күнікей: Неге танымай қалдың?

Мақпал: Е, бізді кім танығысы келсін...

Күнікей: Қозының анасы — Мақпал емес пе?

Қарабай: Қозы? Ондай есімді естімеппін.

Күнікей: Баянның атын ұмытпасаң, Қозының атын да ұмытпауың керек еді. Қозы Көрпеш десем, есіңе түсе ме?

Мақпал: Қозы мен Баян бір күнде туған жоқ па? Сол кезде бірге отырған жоқпыз ба?

Қарабай: Есімде жоқ... Одан бері қайда көшіп, қайда қонбадық...

Күнікей: Сен байқамасаң да, сол екі баланы айырамын деп жесір Мақпал мен жетім Қозыны қасыңнан қуып жіберген өзің емес пе?

Күнікей: Қозы он жетіге толғанша тірі болса, Қозы мен Баянды қосамыз деп екеуіміз анттасқанбыз, қан құйысқанбыз. Міне... Бүгін сол күн жетті, бүгін сол ант орындалды.

Қарабай: Ә, Қарабайды осылай алмақсыңдар ма! (орамалдарын жұлып алып, лақтырып тастайды)

Мақпал: Уа, мың жаса! Құлдық! Балам малшың, өзім сауыншың болайын...

Күнікей: Екі бірдей балдырғанның обалына қалма. Налыма, Мақпал. Сен Қозыға естірт, мен Баянға естіртейін. Мен бекіндім — Қозыны Баяннан айыртпаймын!

Қарабай: Не дейді бұлар... (шығып кетеді)

Мақпал: Атай көрме, Күнікей. Сөнген отты қайта тұтат дейсің бе... Айта алмаймын. Тым болмаса Баянды көріп қайтайын деп едім... Ол да мүмкін болмады. (сырттағы дабырды естіп) Кеттік.

Қақтығыс шиеленісі: Қодар, Айдар және жұрт

Сырттан дабыр естіледі. Топ-топ жігіттер көрінеді. Талас күшейіп, Баян тағдыры төңірегіндегі дау ашық айтысқа ұласады.

Айдар: Екпіндемеңіз, Қодар мырза!

Қодар: Сен де босқа қоқилана берме!

Таңқы: Өзге жұрт атқосшы-ақ сендерге!

Қодар: Ағалықтарың осындайда ғана еске түссе, қоя қойыңдар. Жол менікі, қыз да менікі!

Айдар: Бұрын келген мен қайда қаламын онда?

Жантық: Ау, бетке ұстар жайсаңдарым, бір қыз үшін неге бет жыртысып жатырсыңдар? Қазір Жарқын келсін — Баянның не дейтінін көреміз. Бірақ жігіттің намысы қыздың шешімінен кем емес қой.