Суреттер және фигуралық мәтін кірістіруСабақтың мақсаты
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Суреттер және фигуралық мәтін (WordArt) кірістіру
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға Microsoft Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін көрсету.
- Графикалық бейнелерді және фигуралық мәтінді (WordArt) құжатқа кірістіруді үйрету.
Білімділік
Оқушылардың шеберлігін, тапқырлығын және жұмысты орындау дәлдігін бақылау.
Дамытушылық
Логикалық ойлауды дамыту, өз ойын сауатты жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Тыңдай білу, тәртіп сақтау және информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі
Практикалық элементтері бар демонстрацияны көрсету арқылы түсіндіру.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақ жоспары
- I. Ұйымдастыру кезеңі
- II. Жаңа сабақты түсіндіру
- III. Жаңа сабақты қорытындылау
- IV. Практикалық бөлім
- V. Сабақтың жалпы қорытындысын шығару
- VI. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.
II. Жаңа сабақты түсіндіру
Microsoft Word бағдарламасын ашу жолы
Пуск → Все программы → Microsoft Office → Microsoft Word
Word терезесінің негізгі элементтері
- Тақырып жолы
- Мәзір қатары
- Стандартты құралдар тақтасы
- Пішімдеу құралдар тақтасы
- Сызғыш
- Айналдыру жолағы
- Сурет салу құралдары панелі
- Қалып-күй жолағы
Негізгі идея
Мәтіндік процессорда тек мәтін теріп қана қоймай, құжатты безендіру үшін әртүрлі суреттерді және фигуралық мәтінді (WordArt) кірістіруге болады. Графикалық кескіндерді дайын суреттер кітапханасынан таңдауға немесе басқа графикалық редакторда жасап, файлдан енгізуге болады.
Сурет кірістіру мәзірі
Вставка → Рисунок мәзірінде келесі бұйрықтар бар: Картинки, Из файла, Со сканера или камеры, Автофигуры, Объект WordArt, Организационная диаграмма, Диаграмма.
Бұл сабақта Картинки, Из файла және WordArt бұйрықтарына назар аударамыз.
Сурет кірістірудің екі тәсілі
1) Дайын суреттер қорынан
Вставка → Рисунок → Картинки арқылы Office жинағындағы дайын суреттерді енгізесіңдер.
2) Файлдан енгізу
Вставка → Рисунок → Из файла арқылы компьютерде сақталған суреттерді (басқа редакторда жасалған немесе дайын файлдар) кірістіресіңдер.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру қадамдары
- 1. Курсорды сурет кірістірілетін жерге орналастырыңдар.
- 2. Вставка → Рисунок → Картинки командасын орындаңдар.
- 3. Коллекция картинок бұйрығын таңдаңдар.
- 4. Избранное терезесі ашылады.
- 5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft Office бөлімін ашыңдар.
- 6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажеттісін таңдап, оң жақта керек суреттің жанындағы көрсеткі батырмасын басыңдар.
- 7. Ашылған динамикалық мәзірден Копировать командасын таңдаңдар.
- 8. Терезені жауып, құжаттағы керекті жерге курсорды қойып, Правка → Вставить командасын орындаңдар.
- 9. Сурет мәтінге кірістіріледі.
Суретті өңдеу: өлшемін өзгерту және мәтінмен орналасуын реттеу
Өлшемін өзгерту
Суретті бір рет шертіңдер. Жақтауда 8 маркер (төртбұрыш) пайда болады. Маркердің үстіне апарғанда екі бағыттағы көрсеткі шығады — сол бағытқа сүйреп, суретті кішірейтіп немесе үлкейтуге болады.
Мәтін үстінде «жатып қалмауы» үшін
Өлшемін өзгерткеннен кейін суретті таңдап, Формат рисунка терезесін ашыңдар. Положение қосымшасында Поверх текста белгісін алып тастап, ОК басыңдар. Енді суретті құжат ішінде ыңғайлы орынға жылжытуға болады.
Мәтінмен қатар орналастыру (обтекание)
Сурет мәтіннің оң немесе сол жақ шетінде орналасуы үшін Обтекание қосымшасын таңдаңдар, қажетті нұсқаны белгілеңдер де, ОК басыңдар.