Ауызша есептер
Сабақ туралы мәлімет
Қала: Тараз
Мектеп: №32
Пән: Математика
Мұғалім: Әбдраманова Жанерке Құрманбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер» тарауын қайталау
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Квадрат теңдеулер бойынша алған білімді жүйелеу, жинақтау және тиянақтау.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқуға жауапкершілікпен қарауға, саналы тәртіпке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
A. Білім
Квадрат теңдеу ұғымын, оның түрлерін және шешу тәсілдерін біледі.
B. Қолдану
Квадрат теңдеулерді шешуге арналған есептерді шығара алады.
C. Талдау
Есептерді шығарудың баламалы жолдарын қарастырып, тиімді тәсілді таңдай алады.
Сабақтың көрнекілігі мен ресурстары
- Оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік құрал
- СТО және АКТ құралдары
- Таратпалар, бағалау парағы
- Есептер жинағы
- Түрлі түсті бояулар, стикерлер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу, сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.
- Геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу: тік төртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция.
2) Қызығушылықты ояту
Дәйексөз: «Математика – басқа ғылымдар үшін күрделі теңдеудей». — Новалис
Слайд 1
Ой-толғау сұрақтары
- Квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Дискриминантты қандай формула арқылы табамыз?
- Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Дискриминанттың үш жағдайын атаңыз.
- Виет теоремасының тұжырымын айтыңыз.
- Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Толымсыз квадрат теңдеудің үш жағдайын көрсетіңіз.
- Биквадрат теңдеу дегеніміз не?
3) Түсіну: ауызша есептер
Әр топқа берілген теңдеулердің ішінен артық теңдеуді анықтау тапсырмасы ұсынылады.
1-топ
- 2x² − x = 0
- 17x + 14 = 0
- 3x² + 2x − 5 = 0
2-топ
- −3x³ − 2x² = 0
- x² + 25x = 0
- 9x + 1 = 0
3-топ
- 2x² = 0
- x² − 4 = 0
- 2x − 6 = 0
4-топ
- x² − 4x + 6 = 0
- 4x + x − 3 = 0
- 9x² − 36 = 0
Құжат
Толық нұсқасын жүктеу.