Ғажайып сандық
Мақсаты
Қызығушылық пен ойлау
- Балалардың математикаға қызығушылығын арттыру.
- Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сан мен салыстыру
- Сандарды тура және кері санауға дағдыландыру.
- «Биік – аласа», «үлкен – кіші», «ұзын – қысқа», «жуан – жіңішке» ұғымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні
- Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе сөз (тәрбиеші)
Білім — деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім — деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Бүгін «Математикалық дода» апталығы аясында өтетін «Үздік математик» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Әділқазылар алқасымен таныстырып, сайыс кезеңдеріне кезек береміз.
Шақыру
Көңілді ойын жасайық,
Батыл қадам басайық.
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық.
1-бөлім: Сиқырлы шарлар
Тапсырма-ойынШарлардың ішінде тапсырмалар болады. Балалар шарларды жарып, ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Бәрің, бәрің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Пішіндерді біліңдер.
2-бөлім: «Неге ұқсайды?»
ГеометрияБұл бөлімде балалар геометриялық пішіндердің түсіне және пішініне ұқсас заттарды атап шығады.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін балаларға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Солардың жауаптарын көрелік.
3-бөлім: Кім тапқыр?
ЕсептерБалаларға қарапайым математикалық есептер мен жылдам сұрақтар қойылады.
Есептер
-
1) Табақта бір алма, қолымда үш алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?
Жауабы: 4
-
2) Бес алманың екеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда өз қолыңда нешеуі қалады?
Жауабы: 3
-
3) Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан. Барлығы неше балапан?
Жауабы: 4
-
4) Ағашта екі торғай отыр еді. Оның біреуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Жауабы: 1
Жылдам сұрақтар
-
1) Құста неше тұмсық болады?
-
2) Адамда неше көз болады?
-
3) Үшбұрышта неше бұрыш болады?
-
4) Екі қоянның неше құлағы болады?
-
5) Жұлдызда неше бұрыш болады?
-
6) Бос ыдыста неше алма болады?
-
7) Қоян жүйрік пе, әлде тасбақа жүйрік пе?
Ескерту: Жылдам сұрақтардың жауабын балалар ауызша айтады.
4-бөлім: Ғажайып сандық
СюрпризБұл сандық — жай сандық емес. «Ғажайып сандықтың» ішінде әртүрлі заттар болады. Балалар заттарды кезекпен алып, олардың пішінін, түсін және қолданылуын сипаттайды.
5-бөлім: Бейнелеу әлемінде
ҚұрастыруБұл кезеңде балалар конструкторлар арқылы әртүрлі бейнелер құрастырады. Жұмыстар номинациялар бойынша бағаланып, мадақтау қағаздары тапсырылады.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Қорытынды
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Сайысты аяқтау
Осымен «Үздік математик» атты сайысымыз аяқталды. Қатысқан балаларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз. Қош сау болыңыздар!