Арықтау үшін секіргіштің көмегімен қандай жаттығулар орындаған дұрыс

Арықтауға арналған секіртпе: үй жағдайында тиімді әрі қолжетімді жаттығу

Артық салмақтан арылу немесе дене пішінін сәл қалыпқа келтіру — көп қыз-келіншекті мазалайтын мәселе. Ең маңыздысы — сенімділік пен табандылық. Осы тұста мектеп кезінен таныс секіртпе (скакалка) өте пайдалы құрал бола алады.

Неге дәл секіртпе?

  • Көпшілігі қимыл-қозғалыстың аздығынан артық салмақ қосады.
  • Фитнес клубқа, бассейнге немесе жүгіруге әрдайым уақыт табыла бермейді: бірі жұмыстан кеш келеді, бірі уақытын балалары мен отбасына арнайды.
  • Секіртпемен үйде жаттығуға болады, уақыт аз кетеді және өзіңізге ыңғайлы мезгілді таңдайсыз.

Қандай әсер береді?

Секіртпе бөксе, сан және іш тұсындағы жиналған майды азайтуға көмектеседі.

Күнделікті қозғалыс дене пішінін қалыпта ұстауға, жүрек жұмысы мен ішек жолының қызметін реттеуге оң ықпал етеді.

Жаттығуды қалай жоспарлаған дұрыс?

Салмақ тастау үшін жаттығуды жүйелі орындау маңызды. Аптасына 2–3 рет бастаңыз. Ағза қалпына келуі үшін демалыс та қажет.

Ыңғайлы кесте үлгілері:

  • күнара секіру;
  • екі күн жаттығып, бір күн демалу.

Алғашқы күні 10–15 минут секіру жеткілікті. Дене бітімі мен салмаққа қарай уақытты біртіндеп 30–60 минутқа дейін арттыруға болады.

Егер ентігу байқалса, үзіліс жасаңыз немесе қарқынды азайтыңыз. Дегенмен нәтиже үшін біртіндеп жылдамдықты күшейту қажет: ағзаңыз үйренген сайын қарқын мен уақытты ақырындап көтеріңіз.

Секіртпемен орындауға болатын жаттығулар

  • 1 Аяқты кезекпен алмастырып секіру (жүгіру кезіндегідей).
  • 2 Секіртпенің әр айналымына қысқа секірулер жасау.
  • 3 Әр секірген сайын оңға және солға аздап жылжу.
  • 4 Әр секірген сайын алға және артқа жылжу.
  • 5 Оң аяқты көтеріп тұрып 5–10 рет секіру, кейін сол аяқпен қайталау.

Қауіпсіздік және қарсы көрсетілімдер

Басқа арықтау жаттығулары сияқты, секіртпенің де жүктемесі бар: буынға және жүрекке салмақ түсіреді. Сондықтан жүрек ауруы немесе буын мәселелері бар адамдарға абай болған жөн. Қажет болса, дәрігермен кеңесіңіз.

Диетасыз арықтауға бола ма?

Секіртпенің көмегімен диетасыз да арықтауға болады. Дегенмен тамақтану рационын бақылау артық салмақтан арылу үдерісін айтарлықтай жылдамдатады.

Дайындаған: Асыл