Сөздерді оқыту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Ё ё дыбысы және әрпі
Көрнекіліктер
Суреттер, әріп таңбасы және басқа материалдар
Сабақтың мақсаты
- 1 Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру, ұсынылған сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- 2 Ойлау қабілеті мен есте сақтауды дамыту.
- 3 Еңбексүйгіштікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
- Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Өтілген әріптерді еске түсіру.
Өткенді қайталау: Э дыбысы
Э дыбысын еске түсіру, қайталау және сөздерді оқыту.
Жаңа сабақ: Ё ё дыбысы және әрпі
«Ойлан, тап» ойыны: жұмбақ
Жұмбақ Қысы-жазы бір түсте. Ол не?
Жауабы
Шырша
Орысша
Ёлка
Бірінші дыбыс
Ё
Ё дыбысы туралы мағлұмат
- Ё — дауысты дыбыс.
- Екі дыбыстан құралады: й + о.
- Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі: монтёр, шахтёр, актёр және т.б.
«Ёлка» сөзіне дыбыстық талдау
Буынға бөлу
Ёл – ка
2 буын
Дыбыс пен әріп
5 дыбыс, 4 әріп
Ё екі дыбыстан тұрады: й + о
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетінен-ақ шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
«Шахтёр», «монтёр» сөздерінің мағынасын түсіндіру және осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Оқу тапсырмасы
Дәптерде берілген буындар мен сөздерді оқыту.
Жазу жұмысы
Ё ё әрпін бастырып жазу.
Сөйлем құра
Мысал
Машинаны шофёр жүргізеді.
«Кім біледі?» ойыны
«Актёр», «монтёр», «элеватор» сөздеріне дыбыстық талдау жасап, шартты белгімен жазу.
«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны
Шарты
- Мұғалім: «Шахтёр…» — Оқушылар: «Шахтёр көмір қазады».
- Мұғалім: «Элеватор…» — Оқушылар: «Элеватор — астық сақтайтын ғимарат».
«Кім зейінді?» ойыны
Мұғалім С. Мәуленовтің өлеңін оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды.
Шахтёрлерді ел біледі.
Оған сарай — жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау-тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
Талқылау сұрағы
Өлең кім туралы?
Қайталау
Өлеңде бүгінгі өткен дыбыс бар ма?
Қорытындылау
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ё дыбысы қандай дыбыс?
- Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.