Ұлттық аяқ киім
Сабақ жоспары (6-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Сәулет өнері (слайдпен)
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың мақсаты
-
А) Сәулет өнері туралы түсінік қалыптастыру.
Ә) Шығармашылық қабілеттерін, өнерге қызығушылығын дамыту; ғимарат жобасын сыза білуге үйрету.
Б) Эстетикалық тәрбие беру.
- Әдісі
- Түсіндіру
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Қажетті құрал-жабдықтар
- Оқулық, түрлі түсті қаламдар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын реттеу, сыныптың назарын сабақ тақырыбына шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын қайталау
Өткен тақырып: мүсін өнері.
Талқылау нысаны: ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері.
3) Жаңа сабақ
Сәулет өнері — адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан ортаны құрайтын үйлер мен құрылыстардың, сондай-ақ кешендердің жиынтығы. Ол қоғамның эстетикалық талғамына сай қалыптасып, мәдениет саласының маңызды бөлігі болып саналады.
Қай елге, қай қалаға барсақ та, көз тартатын әсем ғимараттарды — сарайларды, мешіттерді, тұрғын үйлерді, өндірістік кешендерді көреміз. Осындай сұлулықты бойына жинаған өнер түрі сәулет өнері немесе архитектура деп аталады.
«Архитектура» сөзі грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура тек ғимарат тұрғызу емес, сонымен бірге адам өміріне қажетті кеңістік пен ортаны тиімді әрі қолайлы етіп ұйымдастыру.
Сәулет өнері асқан шеберлікті талап етеді. Рим сәулетшісі Витрувий сәулет туындыларында бұлжытпай орындалуы тиіс үш қасиетті атап өткен:
-
Беріктік — инженерлік есеп пен құрылымның сенімділігі.
-
Қолайлылық — тұрмысқа, пайдалануға ыңғайлылық.
-
Әдемілік — талғам мен шығармашылық шешім.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәнді әрі салтанатты өмір сүруге ұмтылады, сондықтан сәулет те қоғам талғамына сай үнемі дамып отырады. Әсемдік талаптарын тиімділікпен үйлестіру үшін сәулетшіге ғылыми ойлау мен көркемдік қиял қажет.
Адамзат көне заманнан бері құрылыс салумен айналысып келеді: үйлерді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтан тұрғызған; тіпті су бетіне де үй салуды меңгерген. Ғасырлар бойы сақталған сәулет туындылары бүгінде архитектуралық ескерткіштер ретінде бағаланады.
Терминдер мен ұғымдар
Түркі халықтарының сәулеттік мәдениетінде жиі кездесетін атаулар:
- Мавзолей
- Монументтік бейіт.
- Медресе
- Мұсылмандардың жоғары рухани мектебі.
- Мешіт
- Мұсылмандардың діни ғимараты.
- Мозаика
- Түрлі түсті тастардан және боялған әйнектен жасалған өрнек-сурет.
- Күмбез
- Пішініне қарай бірнеше түрге бөлінеді: шеңберлі, сына бейнелі, баспалдақты, жұлдызды және т.б.
Сәулет өнері — бейнелеу өнерінің ежелден келе жатқан маңызды салаларының бірі.
3.1) Көрнекілікпен жұмыс
Қызылорда қаласының фотосуреттері арқылы сәулеттік нысандарды талдау: ғимараттың пішіні, көлемі, әшекейі, қызметі және ортаға үйлесімі.
4) Практикалық бөлім
Тапсырма: ғимараттың жобалық суретін салу (фасад немесе көлемді шешім). Негізгі талаптар: беріктік идеясы, қолайлылық, әсемдік үйлесімі.
5) Қорытынды (сұрақ-жауап)
Бекітуге арналған қысқа сұрақтар:
- 1. Қазақстан суретшісі: Ә. Қастеев.
- 2. Ұлттық аяқ киім: мәсі.
- 3. Ағаштан жасалатын ұлттық ыдыс: ожау.
- 4. Заттың ең жарық жері: жылт.
- 5. Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанры: пейзаж.
- 6. Қару-жарақ жасайтын адам: ұста.
- 7. Сәндік дәстүрлі кәсіби өнер: қолөнер.
- 8. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма: мүсін.
- 9. Ағаштан, саз аспаптарын және басқа бұйымдар жасайтын адам: шебер.
- 10. Суға жақсы еритін бояу: акварель.
- 11. Киім тоқып, тігін тігетін адам: ісмер.
6) Үй тапсырмасы
Күмбезді құрылыстардан көрініс бейнелеу (сурет салу).