Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашу
Сабақ тақырыбы: «Қайратым – қайсарым»
Бұл сабақта оқушылар мәтін мазмұнымен танысып, Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсінеді. Сондай-ақ Қайрат Рысқұлбековтің ерлігі мен сол кезеңдегі ел үшін жанын қиған жастардың азаматтық ұстанымы талданады.
Білімдік мақсат
- Мәтін мазмұнымен таныстыру.
- Автордың өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат беру.
- Қайрат Рысқұлбековтің ерлік істерін таныстыру.
- Желтоқсан көтерілісінің маңызы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық мақсат
- «Тәуелсіздік» ұғымының мәнін ашу.
- Оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
- Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
- Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсат
- Отанды сүюге, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу.
- Елдің адал азаматы болуға бағыттау.
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, талдау, репродуктивті әдіс, ой қозғау.
Көрнекілігі
Слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күн сәулесінен шуақ алып, жадырап отырайық!
Әдебиеттік оқу пәні арқылы нені үйренеміз?
- Түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуды.
- Көркем шығармаларды талдап оқуды.
- Байланыстырып сөйлеуді.
- Адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруді.
- Отанды сүюге, еңбекқорлыққа, елдің адал азаматы болуға тәрбиеленуді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Т. Молдағалиев туралы
- Тұманбай Молдағалиев — көрнекті ақын, ұлтымыздың мақтанышы.
- Отыздан аса жыр жинағының авторы.
- 500-ге жуық ән мәтінін жазған.
- Бала кезінен өлең шығарған.
- 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.
- Қазақстан Әнұраны мәтінінің авторлары қатарында аталады (Қадыр Мырза Әли, Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев).
2) «16 желтоқсан» атауының мәні
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Сол себепті бұл күн ел жадында ерекше сақталады.
3–6) Орындау тапсырмалары
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Әр шумаққа талдау жасап, ұйқасын табу.
- Тәуелсіздік монументі туралы айту (1996 жылы Алматы қаласында ашылған).
- Сурет бойынша жұмыс: оқушылар өздері салған суреттері арқылы ой бөліседі.
III. Өткен сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасы қандай?
- Тәуелсіздік — еркіндік, бостандық.
- Тәуелсіз ел қандай болады?
- Еркін, бақуатты, бақытты болады.
- Ақын өлең арқылы қандай өсиет айтады?
- Туды қастерлеп, биік ұстауға шақырады.
- Мектепте қандай іс-шара өтіп жатыр?
- «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты апталық.
Қазіргі Қазақстан туралы мәлімет
- Еліміздің рәміздері бар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
- 1997 жылы «Тіл туралы» заң қабылданып, мемлекеттік тіл қазақ тілі деп жарияланды.
- Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді.
- Еліміздің астанасы — Астана.
- 2010 жылы 1 желтоқсанда Астанада 56 мемлекеттің өкілдері қатысқан Саммит өтті.
Сергіту сәті
Пайдамыз тисін Отанға,
Риза болсын халқымыз.
Бес болсын бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
IV. Жаңа сабақ
1) Кіріспе
Бабаларымыз Қазақстанның кең-байтақ жерін бізге аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздік елге оңай келген жоқ: оны ешкім сыйға тартқан жоқ. Бұл — қазақ халқының сан ғасырлық арманы.
Азаттық пен еркіндік үшін мыңдаған адам қаны төгілді, талайы жазықсыз жазаға ұшырады. Тәуелсіздіктің тамыры Желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты.
1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда өрімдей ұл-қыздар алаңға шығып, елінің бостандығын талап етті. Сол күндері Қайрат Ноғайбайұлы, Сәбира Мұхаммеджанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанқызы ерлігімен елге сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті.
Алайда өз ойын білдірмек болған жастарға мұздай қаруланған әскер мен милиция қарсы қойылып, көпшілігі аяусыз соққыға жығылып, қудаланды, түрмеге қамалды.
Бүгінгі сабақта Жақау Дәуренбековтің «Қайратым – қайсарым» мәтіні негізінде Желтоқсанда Отан үшін жанын құрбан еткен намысты, біртуар қазақ жастары туралы сөз қозғалады.
2) Автор туралы қысқаша мәлімет
- Жақау Дәуренбеков Қызылорда облысы, Арал ауданы, Үшкөл елді мекенінде туған.
- Еңбек жолын Арал қаласындағы №177 мектептен бастаған.
- Мектеп кезінен-ақ газет-журналдарға мақалалар мен әңгімелер жариялаған.
- «Менің елім – Қазақстан», «Ауылым – алтын бесігім», «Алғашқы сабақ» сияқты кітаптары бар.
3) Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира туралы әңгіме
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
13.03.1966 — Желтоқсан құрбаны
- Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында туған.
- Әкесі Ноғайбай — мал маманы, анасы Дәметкен — сауыншы.
- Отбасындағы жеті баланың үшіншісі.
- Мектепте белсенді болып, қабырға газеттерін шығарып, кештер ұйымдастырған, өлең жазған.
- Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтында оқыған.
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін ең ауыр жазаға тартылды.
- 1988 жылы 21 мамырда қаза тапты.
- Түрмеде жүргенде де өлең жазуын тоқтатпаған.
Ескерту
Берілген мәтінде Ләззат Асанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхаммеджанқызы туралы деректер қысқаша аталады. Сабақ барысында олардың өмірі мен ерлігі қосымша дереккөздер арқылы толықтырылып, талқылауға ұсынылады.