Қолданылатын әдіс - тәсілдер
Қысқа мерзімді жоспар (9-сынып)
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Тақырып: Адам – мәдениетті жасаушы
Мақсаты
Оқушылар тақырыпты түсініп оқиды, негізгі ойды анықтауға үйренеді. Топтық тапсырмалар арқылы пікір алмасу дағдыларын дамытады.
Жалпы мақсат
Тақырыпты түсініп оқуға баулу; тілін және сөздік қорын дамыту арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже
- Топпен жұмыс барысында ойын жүйелеп, тұжырым жасап, қорытынды шығарады.
- Өзін және өзгелерді қорғау, өз пікірін мәдениетті түрде жеткізу дағдыларын қалыптастырады.
Қолданылатын модульдер
Сабақта келесі бағыттар кіріктіріледі:
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
Қолданылатын ресурстар
- Флипчарт
- Маркерлер
- Портреттер
- Тақта
- Стикерлер
- Ноутбук
Сабақтың кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг өткізу. Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты «мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру, тақырыптың мәнін бірлесіп ашуға бағыттау.
Түсіну
Өткен тақырыпты бекіту үшін «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану және жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.